KazNARU

KazNARU БАЗАСЫНА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

✅ 2025 жылдың 15 қаңтарында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне Алматы облысы Әкімдігінің үлкен делегациясы арнайы келіп, орман шаруашылығы және экология саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту мен инновациялық технологияларды енгізуге бағытталған соңғы ғылыми жаңалықтармен танысты.

Делегация құрамында Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы - Чункунов Қуандық Сағатбайұлы, Жер қатынастары басқармасының басшысы - Абдрахманов Аманжол Кеңесбайұлы, Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы - Ақыл Жандос Қанатұлы, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасының басшысы - Қожабеков Димаш Абдуарсұлы, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы орман шаруашылығы бөлімінің басшысы - Бегімбайұлы Ұлан, «Қаскелең орман шаруашылығы» КМК директоры - Бердібаев Ғалым Мұсақұлұлы және Талғар, Іле, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Қарасай аудандары әкімдерінің орынбасарлары бар.

✅ Алматы облысы өкілдерінің KazNARU базасына келуінің өзіндік себебі бар. Соңғы жылдары аграрлық саладғы жетекші оқу орны – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Басқарма Төрағасы-Ректор, ҚР Президенті жанындағы ҰҒА Президенті, академик Ақылбек Күрішбаевтың бастамасымен АҚШ, Европа, Орта Азия және соның ішінде 40-тан аса ҚХР білім беру ұйымдарымен, жетекші жоғары оқу орындарымен тығыз байланыстарды қарқынды дамытып келеді.

Университетте жүйелі жүзеге асырылып жатқан осы инновациялық жаңалықтар туралы KazNARU Басқарма Төрағасы-Ректордың бірінші орынбасары, в.ғ.д., профессор Пірімқұл Ибрагимов таныстыра келіп, ауыл шаруашылығындағы озық технологиялардың трансфертін қамтамасыз ететін ғылыми зерттеу нәтижелеріне тоқталып өтті.

✅ «KazNARU базасында Қытай аграрлық университеті және Dayu Irrigation Group компаниясымен бірлесіп, су ресурстарын ақылды басқару үшін «Цифрлық зертхана», «Қуаңшылық өңірлерде суды барынша тиімді пайдалану жөніндегі Қазақстан-Қытай халықаралық зертханасы», Қытай аграрлық университетімен және EAVISION компаниясымен бірлескен «Қазақстан-Қытай ауылшаруашылығы дрондарын зерттеу және оқыту орталығы», Ланьчжоу университетімен бірлескен «Қазақстан-Қытай ақылды ауыл шаруашылығы» орталығы, Қытайдың Henan Qianlian Landscape Design Engineering Co. қолдауымен «Қазақстан - Қытай ландшафттық инновациялар орталығы» құрылды. Бұл бастамалар болашақта екі елдегі агросаланың өзекті мәселелері бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге, жаңа технологиялар трансфертін өндірісте жүзеге асыруға, бәсекеге қабілетті мамандарды бірлесе даярлауға мүмкіндік беретініне сеніміміз мол», - деді Пірімқұл Шолпанқұлұлы.

✅ Өз кезегінде Алматы облысының өкілдері университет пен әкімдік арасында өзара ынтымақтастықты орнату және нығайтуға мүдделі екендіктерін жеткізе отырып, аэрофототүсірілім және ауыл шаруашылығы үшін заманауи дрондарды пайдалану орталығының жұмысына қызығушылық танытты.

Атап айтқанда: - ауылшаруашылық алқаптарын әртүрлі химиялық заттар мен тыңайтқыштармен бүрку;

- ауыл шаруашылығы өндірісінің мониторингі;

- Жерді қашықтықтан зондтау технологияларын қоса алғанда, Жер ресурстарын бақылау;

- Жерді қашықтықтан зондтау және аумақты картаға түсіру;

- егіс алқаптарын анықтау;

- ауыл шаруашылығы дақылдарының анықтамалары;

- жер және су ресурстарын пайдалану мониторингі;

- су ресурстарын қашықтықтан және автоматтандырылған бақылау;

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта және табиғи ресурстарды басқаруда жерді қашықтықтан зондтау технологияларын қолдану сияқты бағыттарды игеру – өңірдігі ауыл шаруашылығын дамытуға зор ықпалы болатынына үміт артатындарын жеткізді.

✅ KazNARU Басқарма Төрағасы-Ректордың инфрақұрылымды дамыту және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Сұлтанғазиев Қуат Елеусізұлы, Ғылыми-білім беру технологиялық платформасының атқарушы директоры Ермеков Фараби Керімбайұлы, Басқарма төрағасы - Ректордың кеңесшісі Думан Иманмади, «Орман шаруашылығы және жер ресурстары» факультетнің деканы Сарсекова Дани Нұрғисақызы, «Су ресурстары және IT технологиясы» факультетінің деканы Набиоллина Мадина Сағиоллақызы өздеріне қарасты ғылыми зертханалардың жұмыстарымен таныстырса, EAVISION компаниясының директоры Цзай Хой заманауи дрондарды іс жүзінде пайдалану тәжірибесін көрсетті.

✅ Сонымен қатар, тараптар жергілікті жерлерде су шаруашылығы, орман шаруашылығы, агрономия, ветеринария, зооинженерия, азық-түлік қауіпсіздігінің технологтары мен жер кадастры мамандарына сұраныстың артып отырғандығын ортаға салды.

✅ Кездесу барысында экономиканың түрлі секторларындағы міндеттерді шешу үшін Алматы облысының аумағында университетте игерілген инновациялық озық технологияларды барынша қолдану аясын кеңейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник