ТҮРКМЕНСТАН СТУДЕНТТЕРІ KazNARU-да БІЛІМ АЛУДА
Қазіргі таңда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Қытай, Ресей, Малайзия, Мысыр, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан т.б. шет мемлекттерден келген 200-дей студент білім алуда. Бұл университет тарапынан жүргізілген жүйелі жұмыстар нәтижесінде KazNARU-дың әлемдік қауымдастыққа таныла бастағынының айқын дәлелі.
Бүгінде QS рейтингісінде әлемдегі ең үздік 5 мың университеттің арасында 481-ші, Орталық Азия университеттері арасында 6-шы, Қазақстан ЖООлары арасында 5-ші орынды иеленіп отыр. Заман талабына сай, оқу процесінде озық елдердің жетекші университеттерімен екі дипломдық бағдарламалар енгізілуде.
Осы және аграрлық саладағы соңғы кездердегі инновациялық білім беру, ғылыми ізденістер туралы KazNARU Халықаралық қатынастар және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Рафис Абазов Түркменстаннан келіп оқып жатқан студенттермен кездесуде айтып өтті.
«Университетіміздің Басқарма Төрағасы-Ректоры, ҚР Президенті жанындағы ҰҒА Президенті Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы белгілегендей, біздің негізгі басты мақсатымыз – жоғары оқу сапасына қол жеткізе отырып, цифрлы университет құру, халықаралық талаптарға сай, нағыз ғылыми зерттеу оқу орнына айналу. Соның ішінде білім алушылардың бойындағы көшбасшылық қасиеттерді дамыту арқылы нарықта бәсекеге қабылетті білікті мамандар даярлау– басты назарымызда болмақ. Биылғы оқу жылында Түркменстаннан келген 27 студент менеджмент пен экономика саласы бойынша білім алуда. Біз бүгін жаңадан келген белсенді жастарымызбен кездесе отырып, университетіміздің тыныс-тіршілігі жайлы танымдық ақпараттармен бөліспекпіз. Шет елдік білім алушылардың менеджмент пен бизнес, экономика саласындағы озық тәжірибелерді жан-жақты меңгеріп, жақсы маман болып шығуына сәттілік тілейміз», - деді Рафис Абазов.
Кездесуге «Бизнес және құқық» Жоғары мектебінің Х.Д.Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Айнұр Саурукова, оқытушылар мен Халықаралық офистің жауапты қызметкерлері және студенттер қатысты.
Университеттің ірі білім беру, ғылыми құрылымдарының бірі болып табылатын көп салалы кафедра әртүрлі білім беру бағдарламаларын ұсынады. Студенттер экономиканы, менеджмент, маркетинг қана емес, мемлекеттік және жергілікті басқару, агротуризм мен жалпы әлемдік тенденцияларға сәйкес келетін, еңбек нарығында сұранысқа ие басқа да академиялық пәндерді оқи алады.
Оқыту қазақ және орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Бұл студенттерге халықаралық ортада кең білім мен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Кездесуге қатысқан студенттер атынан болашақ экономистер Дилшад Сабиров, Зебо Нарметова, Нұрбек Хайруллаев өздерін жайлы жатақханамен қамтамасыз етіп, жоғары білім алуға барлық жағдайды жасап отырған университет басшылығына ризашылықтарын білдірді.
KazNARU Баспасөз қызметі