KazNARU

KazNARU ПРОФЕССОРЫ ЖҰМАГҮЛ КИРКИМБАЕВА – АКАДЕМИК Н.БАЗАНОВА АТЫНДАҒЫ ТҰҢҒЫШ СЫЙЛЫҚТЫҢ ИЕГЕРІ

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ғылым ордасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы алғаш рет 48 отандық әйел-ғалымдарға арналған академик Н.Базанова атындағы сыйлықты салтанатты түрде табыстау рәсімі өткізілді.

Отандық ғылымның дамуына айрықша үлес қосып жүрген, ғылыми әлеуеті жоғары, ғылымның әртүрлі бағыттарында үздік нәтиже көрсеткен үміткерлер ЖООлар мен ҒЗИ ұжымдарының ұсыныстары бойынша анықталды.

✅ Жұлдызы жанған көшбасы ғалым әйелдердің қатарында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Микробиология, вирусология и иммунология» кафедрасының меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Киркимбаева Жұмагүл Слямбекқызы да бар.

✅ Профессор Ж.С. Киркимбаеваның ғылыми жұмысы жануарлардың денсаулығын сақтау, әлеуметтік маңызы аса қауіпті жұқпалы аурулардың (лептоспироз, пастереллез және т.б.) алдын-алу, биопрепараттарды бақылау әдістері мен әзірлеу технологиясын дайындау және енгізумен байланысты.

«Жануарлардың лептоспирозы және диагностикалық әдістері» монографиясының, «Ветеринариялық микробиология және вирусологиялық практикумы» (қазақ, орыс тілдерінде), «Жеке микробиология» (ҒжБМ грифімен оқулық) және «Ветеринариялық вирусология» оқу құралдарының (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде), «Вирустық инфекциялардың диагностикасы» (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде), «Клостридиозы животных и птиц», «Микробиология», «Генетика микроорганизмов», «Санитарно-микробиологические исследований в ветеринарий» және көптеген оқу-әдістемелік құралдардың авторы ретінде танымал.

✅ Ол профессор Қ.Б.Бияшевтің жетекшілігімен 10-нан астам биологиялық препараттарға нормативтік-техникалық құжаттама әзірледі. «Ветеринария» мамандықтары бойынша көптеген жылдар диссертациялық Кеңестің ғалым хатшысы және Кеңес төрағасының орынбасары болды. 300-ден астам ғылыми жарияланымдары бар. Қазақстан Республикасы Ұлттық патент Институтынан өнертабысқа 40 патент авторы атанды.

✅ ҚР ҒЖБМ және ҚР АШМ тарапынан көптеген гранттық жобаларды жүзеге асыруға жауапты орындаушы болды. Оның жетекшілігімен министрліктердің тапсырысы бойынша 100 млн теңгеден астам бюджеттік гранттық ғылыми жұмыстар атқарылды.

✅ Киркимбаева Жұмагүл Слямбекқызы ғылыми қызметімен қатар білікті ұстаз, «2009 жылдың ЖОО Үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды. «Ветеринария» факультетінің деканы қызметін де атқарды.

✅ Ғылыми жетекші ретінде 2 ғылым кандидатын, 3 PhD доктор және 26 ғылым магистрін дайындады. Қазіргі уақытта 3 PhD докторант және 2 магистранттың ғылыми жетекшісі болып табылады және ветеринария саласындағы жаңа ғылыми жобаларды әзірлеумен, әрі жүзеге асырумен айналысып келеді.

✅ Н.Базанова атындағы сыйлықтың тұңғыш иегері атанған әріптесіміз, профессор Киркимбаева Жұмагүл Слямбекқызын жоғары мәртебелі марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник