KazNARU

KazNARU мен САУРАН АУДАНЫ КӘСІПТІК ОҚЫТУДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ МЕМОРАНДУМ ҚАБЫЛДАДЫ

2025 жылғы 07 наурызда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен Түркістан облысы Сауран ауданы “Кәсіптік оқытудағы көпсалалы колледж” МКҚК басшылығы Алматыда кездесіп, ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойды.

✅ Тараптар атынан Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – Ректордың бірінші орынбасары Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлы мен Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінің директоры Жұмаділлаев Серік Қанәділұлы құжатты бекітіп, ынтымақтастықтың мақсаты мен бағыттарын белгіледі.

✅ Кездесуге KazNARU Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры, қауымдастырылған профессор Алпысбаева Гүлмира Егізбайқызы, Қабылдау комиссиясының директоры, профессор Қайырбаева Айнұр Елтайқызы, факультет декандары, профессор-оқытушылар және Сауран ауданы Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жабаева Алтынгул Жамбылқызы, арнайы пән оқытушылары – Тажиметова Малохат Ирискұлқызы, Зираков Нурулла Хабибуллаұлы қатысты.

✅ «Еліміздің экономикасы мен ауыл шаруашылығын дамытуда ғылыми және инновациялық жетістіктерді тиімді пайдалану барысында Университет пен Колледждің бірлескен іс-қимылын жүзеге асыруын қамтамасыз ету, Колледж түлектерінің жоғары білім алуына, мамандық таңдауына бағыт-бағдар беру, осы бағытта ұйымдастырылатын іс-шаралар бойынша екі тарап өзара ұйымдастырушылық, консультациялық және ақпараттық-талдамалық қолдау көрсетуге мүдделі. Сондықтан, бұл кездесу білім беру саласында екі жаққа да пайдалы болатынына сенеміз», - деп атап өтті Пірімқұл Шолпанқұлұлы.

✅ Меморандумда алдағы уақытта бірлесе атқарылатын:

- университеттегі жоғары білімнің барлық деңгейдегі жетістіктерді, заманауи оқыту технологияларын, білім беру бағдарламаларын, оқыту жабдықтарын таныстыру;

- талапкер жастарға оқу бағыттары мен нысандары туралы ақпарат беру;

- ғылыми-әдістемелік конференциялар, көрмелер, семинарлар, вебинарлар, тренингтер, конкурстар, ғылыми-зерттеу, эксперименттік ғылыми жұмыстар өткізу, конференциялар, форумдар, конгрестер, ақпараттық басылымдар ұйымдастыру;

- студенттерге арналған қолданыстағы оқу жоспарларымен, бағдарламалармен және құралдармен алмасуды, жаңа оқу жоспарларын, білім беру бағдарламаларын, ғылыми жобалар мен құралдарды бірлесіп әзірлеуді қамтитын бірлескен оқу-әдістемелік қызметті іске асыру;

- университет студенттерінің колледжде тәжірибеден өтуі мен екі жақты педагог қызметкерлерінің өндірістік тағлымдамадан өтуін қамтамасыз ету;

- оқытудың озық әдістерін дамытуда тәжірибе алмасу сияқты аса маңызды іс-шаларар ауқымы қамтылды.

✅ Кәсіптік оқытудағы көпсалалы колледж директоры Жұмаділлаев Серік Қанәділұлының айтуы бойынша, Саурандағы оқу орны 2001 жылы ашылған. Қазір мұнда 300-ден аса студент білім алады. Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану; ауыл шаруашылығын механикаландыру; жеміс-көкөніс шаруашылығы; электр жабдықтары, дәнекерлеу ісі; ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану; тамақтандыруды ұйымдастыру; тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу сияқты мамандықтар оқытылады.

✅ Екі жақ өзара келісімі бойынша «Ашық есік-күнін» өткізу, басқа да іс-шаралар ұйымдастыру, Колледж түлектерінің жоғары білім алуын жалғастыру бойынша кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізу, Университетке қабылдау ережелері мен ҰБТ тапсыру барысындағы өзгерістерді дер кезінде жеткізіп отыру сияқты жүйелі жұмыстар бірлесе атқарылатын болады. Кездесу өте жылы және жан-жақты түсіністік жағдайында өтті.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник