KazNARU

БОЛГАРИЯ ҒАЛЫМДАРЫ KazNARU БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНА ДӘРІС ОҚЫДЫ

2025 жылғы 02-07 наурыз арасында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Erasmus+ жобасы бойынша Болгариялық ғалымдар – Садово қаласындағы К.Малков атындағы «Өсімдіктердің генетикалық ресурстары институтының» директоры, Ауылшаруашылық академиясының профессоры Узунджалиева Катя Спасова және профессорлар Иванова-Михайлова Янка Денева мен Машева Веселина Банова Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде болып, дәріс оқып қайтты.

✅ Бағдарлама аясында «Агробиология» факультетінің профессор-оқытушылар құрамына ғылыми ынтымақтастық тақырыптарын талқылау, конференциялармен бірлескен жобаларға қатысу мақсатында арналған тренинг өткізілді.

Академиялық ұтқырлық аясында «Агрономия, селекция және биотехнология» кафедрасының студенттері мен магистранттары үшін Болгарияның селекциялық жетістіктері туралы және генетикалық ресурстар бойынша арнайы дәрістер оқыды.

✅ Сондай-ақ, қонақтар «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы» ғылыми зерттеу институты, «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы» ғылыми зерттеу институты мен «Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин» ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарымен кездесіп, инновациялық жетістіктермен танысып, ғылыми жобаларды іске асыру жөніндегі ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасты.

✅ Курс аяқталған соң, болгариялық ғалымдарға KazNARU Халықаралық қатынастар және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Рафис Абазов университет басшылығы атынан Сертификаттар табыстады.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник