Қ.Ү. Медеубеков атындағы қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын құру туралы мәселе бойынша KazNARU Басқарма мүшелерінің отырысы өтті
2025 жылғы 26 наурызда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Ситуациялық орталығында жоғары оқу орынның директорлар кеңесінің төрағасы, Алматы облысы Қоғамдық кеңесінің экономика, бюджет, құқық тәртібі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиясының төрағасы Досымбеков Тынышбай Досымбекұлының төрағалық етуімен Қ.Ү. Медеубеков атындағы қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын ашу туралы отырысының мәжілісі өтті.
Жиынға Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы-Ректордың Бірінші орынбасары Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлы, Басқарма Төрағасы - Ректордың орынбасары Абдыров Айтжан Мухамеджаноұлы, Басқарма Төрағасы – Ректордың кеңесшісі Нұрқиянов Төлеухан Мұратханұлы, Ғылым департаментінің директоры Султанов Ахметжан Акиеұлы, Қаржы директоры Сыдықов Анвар Шаймерденұлы, Стратегия және анализ департаментінің директоры Алексеева Марина Александровна, Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы Төреханов Айбын Әдепханұлы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Пірманшаев Мамай Прманшайұлы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Абишев Байдеш Абишұлы Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты, қой шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі Кенжебаев Темирхан Ердешеұлы қатысты.
Кездесудің мақсаты Қазақстанда Қ.Ү. Медеубеков атындағы қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ашу.
Институттың басымды бағыты елімізде қой шаруашылығын тұрақты және қарқынды дамуының ғылыми негізін қамтамасыз ету, олардың асыл тұқымдарын, типтерін шығару және жақсарту, репродукциялық мал топтарын құру, мал басын көбейту, азықтандыру, осы саладағы өндірілетін тиімді технологияларын игеру, ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу, асыл тұқымды қой мен ешкілерді көбейту және тарату т.б.
Кәзіргі кезде халық аралық нарықта қой өнімдеріне сұраныс жоғарлап келеді. Мысалы Қазақстанның көптеген аймақтары қой етін шет мемлекеттерге экспорттап жатыр. Атап айтқанда Жамбыл, Ұлытау облыстары отандық қой тұқымдарының етін көптеген шетелдерге сатып жатыр. Қой шаруашылығын дамытуға Қазақстанда жайлым жерлер жеткілікті. Сондықтан бұл саланы дамыту үшін арнайы мамандар даярлау және олардың біліктілігін көтеру еліміздегі басты міндет. Осындай инновациялық шешімді іске асыру еліміздегі ұлттық жетекші аграрлық университеттінің ғалымдары тікелей ат салысатына сөзсіз. Ол үшін университетте барлық керекті оқу-әдістемелік, ғылыми инфрақұрылым жеткілікті.
KazNARU Баспасөз қызметі