KazNARU СТУДЕНТТЕРІ КӨКТЕМГІ ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАДАН ӨТУДЕ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Ветеринария» факультетінің 3-курс студенттері Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы шаруа қожалығында көктемгі өндірістік практикадан өтуде. Соңғы үш жылда 300-ден астам студент Жамбыл ауданының шаруа қожалықтарында практикадан өтті.
Биыл да осы ауданның 8 ауылдық округіндегі 25 шаруа қожалығында 62 студент 10 наурыздан бастап көктемгі мал төлдету науқанына қатысып, тәжірибе жинақтауда. Мұрынбай, Айна, Жандос, Әдлет, Фазыл, Таң, Айсұлтан, Тельман, Тоғжан, Досжан, Абзал, Ұлан, Әлібек, Дәуітқан, Алтын-Нұр шаруа қожалықтарындағы жастарымыз өздерін жылы қабылдаған ағаларына алғыс білдіруде.
« Оқу барысында меңгерген біліміміз бен дәрістеріміз – бір бөлек, ал шаруашылықтарда көзбен көріп, тәжірибе жүзінде игерген әдіс-тәсілдеріміз – бір бөлек. Екеуі бір-бірін толықтырып, болашақ кәсіби жолымызда аса маңызды рөл атқаратынын жақсы түсінеміз. Осындай мүмкіндік жасап, қолдау көрсеткен университет басшылығы мен Жамбыл аудандық әкімдігіне алғысымыз шексіз", – дейді студенттер.
KazNARU Баспасөз қызметі