KAZNARU ӨКІЛДЕРІ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН БЕЛСЕНДІ ЖАЛҒАСТЫРУДА
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессор-оқытушылар құрамы кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында мектеп бітіруші оқушылармен кездесулерін белсенді жалғастыруда.
Қарақалпақстан Республикасы, Нөкіс қаласындағы №33 мектептің 41 бітіруші сынып оқушыларымен және №21 мектептің 50 бітіруші сынып оқушыларымен кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында оқушыларға жоғары білім алудың маңыздылығы, университеттің білім беру бағдарламалары, студенттік өмір мен оқу мүмкіндіктері туралы ақпарат беріліп, оқуға қабылдау ережелері түсіндірілді.
Кездесуді Х.Д.Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру» кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Исмаилова Айгүл Қанатбайқызы жүргізіп, оқушыларға KazNARU туралы толыққанды мәлімет берді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әріптесімізден кеңес алды. Кездесу мазмұнды әрі тиімді өтіп, бітіруші түлектердің болашақ мамандық таңдауына бағыт-бағдар беруге ықпал етті.
Кездесу барысында мектеп бітірушілерге университеттің факультеттері мен білім беру бағдарламалары бойынша және университет туралы бейнебаян көрсетілді.
KazNARU Баспасөз қызметі