KazNARU

KazNARU-да ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРІ ТҮЛЕКТЕРІ ҮШІН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

✅ 2025 жылдың 27 наурызында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Жетісу облысы әкімінің «Әдеп-құқық жұмысы жөніндегі ментор» жобасы аясында Талдықорған, Текелі қалаларының және Алакөл, Ақсу, Ескелді, Көксу, Кебұлақ, Қаратал, Сарқан аудандарының мектеп бітіруші түлектеріне «Ашық есік» күні өткізілді.

✅ Кездесуге факультет декандары және «Әдеп-құқық жұмысы жөніндегі ментор» жобасын басқарушы бөлім басшысы Сағынай Дәулет Абайұлы және мектеп оқушылары қатысты.

✅ Оқу орнының мүмкіндігін, білім бағдарламалары мен тарихын қабылдау комиссиясының жетекші маманы Бекбаева Динара Нүсіпқызы толық таныстырды. Әрі мектеп бітірушілерге университет туралы танымдық ақпараттар берілді.

✅ Түлектерге университетіміздегі Агрохаб, «Су ресурстарын басқару» ғылыми орталығы, Қазақстан-Жапон инновациялық және Халықаралық вакционология орталықтары, Өсімдіктерді микроклоналды таралуы зертханасы, Ветеринариялық клиникамен, зертханалар, сонымен қатар, әскери кафедра, ғылыми кітапхана, мұражай, спорт кешені, университет жатақханалары мен оқу ғимараттары таныстырылды.

✅ Әр ауылдан өз оқушыларына бастап келген Әліпбек Айдана Нүспекқызы, Абенова Гульшат Нысанбаевна, Жұман Қанат Бағланұлы, Шаяхмет Аблай Молдағалиұлы, Нусипжанов Саян Айдарулы, Максимова Анар Мақсүтқызы болды

✅ Мектеп бітіруші жастар университет өмірімен, студенттермен жақын танысып, үлкен әсерге бөленгендерін жеткізді.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник