KazNARU

Рүстембаев Базархан Ергешұлының атындағы дәріс аудиториясының салтанатты ашу шарасы өтті

✅ 2025 жылдың 28 наурызында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Инженерлік технологиялар факультетінде техника ғылымдарының кандидаты, экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик РҮСТЕМБАЕВ БАЗАРХАН ЕРГЕШҰЛЫ атындағы дәріс аудиториясының ашылу салтанаты өтті. Аудиторияның ашылу лентасын Басқарма Төрағасы-Ректордың бірінші орынбасары, в.ғ.д., профессор Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлы мен белгілі профессор Шаншар Нұртаев қиды.

✅ "Базархан Ергешұлы – Қазақстан аграрлық ғылымының алтын қоры. Оның есімі жаңа ұрпаққа үлгі болатын осы залда мәңгі сақталады.",- деді Пірімқұл Шолпанқұлұлы.

✅ Сызба геометрия залының салтанатты ашылуы: ғалымның мұрасын мәңгілікке сақтау.

Ашылу рәсіміне университет басшылығы, ғылым қайраткерлері, академиктің бірге қызмет істеген әріптестері шәкірттері қатысты.

Жаңа залдың технологиялық мүмкіндіктерімен танысу:

• Интерактивті смарт-тақталар

• 3D-модельдеуге арналған арнайы бағдарламалық жасақтамалар

• Академиктің жеке қолжазбалары мен еңбектерінен құралған кітапхана

"Ғылымға арналған өмір" атты бейнероликте академиктің ғылыми жолы мен ізденістері көрсетілді.

✅ Әлдібаева Ләззат Тұрғынбайқызы, "Инженерлік технологиялар" факультетінің деканы академиктің ғылыми мұрасын талдап, оның 4 негізгі монографиясының заманауи білім берудегі маңызын атап өтті.

Құрметті қонақ Нұртаев Ш.Н., ұстаз: "Рүстембаев Базархан атындағы аудитория білікті кадрлар даярлауда үлкен үлесқосабы деп сенемін".

Отбасылық құндылықтар

Академиктің жұбайы Алма Нұрділдәқызы мен балалары Дина мен Арман:

• Жаңа залды жобалауға қатысқандықтарын бөлісті

• Атақты ғалымның жеке заттарын (қолжазба дәптерлер, фотоархив) мұрағатқа тапсырды

• "Әр студент мұндай жетістікке қол жеткізе алады" деген ниетпен арнайы көрме ұйымдастырды

✅ Академиктің ғылыми мұрасы

Рүстембаев Б.Е. өмірінде:

• 250+ ғылыми жарияланым

• 6 патент

• 4 монография

• 14 магистр мен 4 PhD докторын дайындады

• Қазақстан, Ресей, Германия академияларының толық мүшесі

✅ Марапаттары:

• "Қазақстанның білім беру құрметті қызметкері"

• Жуалы ауданының құрметті азаматы

• Халықаралық "LABORE ET SCIENTIA" ордені

✅ Болашақ жобалар

Университет басшылығы:

✔ Академиктің еңбектерінен оқулықтар жинағын шығаруды жоспарлап отыр

✔ Жыл сайын "Рүстембаев оқуларын" өткізу

✔ Инженерлік технологиялар факуьлтетінде ерекше стипендия енгізу

✅ "Бұл тек ескерткіш емес, ғылыми дәстүрді жалғастыру орталығы" – деп атап өтті ректордың орынбасары Абдыров Айтжан Мұхамеджанұлы.

ҚазҰАЗУ баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник