KazNARU

KazNARU СТУДЕНТІ АЯУЛЫМ ЖҰМАДІЛ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ТОП ЖАРДЫ

✅ 2025 жылдың 27 наурызында Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара академиясы «Курсанттардың ғылыми шығармашылығында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің теориясы мен тәжірибесін дамыту» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырған болатын.

✅ Жүздеген үміткер қатысып, бақ сынаған үлкен шығармашылық конференцияда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Бизнес және құқық» жоғары мектебі «Құқықтану» мамандығының 2-ші курс студенті Аяулым Жұмаділдің еңбегі 1-ші орынға лайық деп танылды.

✅ Студенттің «Есірткі немесе психотроптық заттардың заңсыз айналымының қоғамдық қауіптілігінің алдын алу» мәселесі бойынша жасаған баяндамасы өзінің көтерген мәселесі мен ауқымдылығы жағынан бірауыздан әділқазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

✅ Сабағын өте жақсы оқып, қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысып жүрген үлгілі студент Аяулым Жұмаділдің ғылыми жетекшісі: «Құқық» кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м. Боранбаева Салиман Рахманқызы.

✅ Университетіміздің абыройын асқақататып, мәртебесін көтерген белсенді студентіміз бен ұстазын және факультет ұжымын абыройлы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник