АПТА АЙШЫҚТАРЫ: KazNARU МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІН ШАҚЫРАДЫ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессор оқытушылар құрамы мен белсенді студенттер құрылған арнайы топтар осы аптада Алматы қаласы мен өңірлерде кәсіби бағдар беру жұмыстарын жалғастырды.
Мақсат – KazNARU құрамындағы факультеттерінің ерекшелігін жан-жақты таныстыру және мектеп бітірушілерге аграрлық мамандықтарды насихаттау; жоғары сынып оқушылары мен ата-аналардың ақпараттануын арттыру; университеттегі жаңаша білім беру бағдарламалары туралы мәліметтер беру; жастардың қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес кәсіби бағыт таңдауға көмектесу.
Осындай кең көлемдегі кездесу онлайн және офлайн форматта KazNARU басшылығы және Қызылорда қаласының Білім бөлімінің өкілдері, мектеп директорлары, сынып жетекшілері, жоғары сынып оқушылар, университет профессор-оқытушылары мен мамандардың қатысумен болып өтті. Кездесуде қаладағы 58 мектептің 3246 бітіруші түлектері аграрлық мамандықтардың ерекшеліктерімен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жан-жақты жауаптар алды.
Сондай-ақ, Қызылорда облысында өткен “ҚР ҒжЖБМ талантты жастарды қолдау және жоғары білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында” атты ЖОО-лардың көрмесіне “Ветеринария және зооинженерия” факультеті «Фармакология және жануарлар патологиясы» кафедрасының аға оқытушысы Қайырбек Үмбетжанов қатысты. Ол Жаңақорған, Қармақшы, Шиелі ааудандары және Байқоңыр қаласының Мәдениет үйлерінде өткен кездесулерде мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру аясында тиімті жұмыстар жүргізді.
Сонымен бірге Қайырбек Үмбетжанов ҚР ҒжЖБ министрлігінің Түркістан облысындағы ұйымдастырған көрмесіне де қатысып, Мақтарал, Жетісай, Шардара, Келес аудандарының оқушыларымен жүздесті.
Осы ретте Қабылдау комиссиясының директоры Айнұр Қайырбаеваның берген мәліметі бойынша, "Ветеринария және Зооинженерия" факультетінің профессор-оқытушылары мен мамандарының кәсіби бағдар берудегі белсенділігі жоғары болғанын атап өткен жөн.
●Атап айтқанда – «Клиникалық пәндер» кафедрасының профессоры Есенғали Үсенбеков, аға оқытушылар Әсет Тұрғымбеков, Хизат Серік, Қ.Қойбағаров Алматы облысының Талғар ауданындағы №17, №33 орта мектебінде;
●"Фармакология және жануарлар патологиясы" кафедрасының қауымдастырылған профессоры Б.Нұрғазы Алматы облысы Жамбыл ауданы Аққайнар ауылындағы Т.Бокин атындағы орта мектепте;
●«Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасының оқытушылары Д.Хусаинов, А.Алиев Алматы қаласындағы №114, 167 орта мектепте;
●«Клиникалық пәндер» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Меруерт Алимбекова мен ассистент Аяулым Даниял Алматы қаласы «Томирис» ықшам ауданындағы №205 мектепте;
●"Микробиология, вирусология және иммунология" кафедрасының профессор-оқытушылары: С.Ермагамбетова, Д.Сарыбаева Алматы қаласы, Әуезов ауданындағы №9 және №86 мектептерде;
●«Н.О Базанова атындағы жануарлар биологиясы» кафедрасының окытушылары С.Саримбекова, С.Ерназарова, М.Жылқышыбаева Алматы каласы Алатау ауданының №14, №114 және №127 мектептерінде болып, кәсіби бағдар жұмыстарын жан-жақты жүргізді.
«Инженерлік технологиялар» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы:
●«Аграрлық техника және машина жасау» кафедрасының қауым. профессорлар Н.Абдилдин, А.Ниязбаев., аға оқытушы А.Дүйсенбиева, ассистенттер А.Жолдасова, Ф.Төрегелдиева Алматы қаласы Әуезов ауданының №175 және №158 мектептерінде;
●"Аграрлық техника және машина жасау кафедрасының" профессор - оқытушылары: А.Серікбаев, қауым. профессор Қ.Қалым және Д.Сарсенов Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген, Талдыбұлақ ауылдық орта мектептерінде кездесулер ұйымдастырды.
"Су ресурстары және IT технологиясы" факультеті "Су ресурстары және мелиорация" кафедрасының ПОҚ мүшелері Қ.Жанымхан, Е.Әуелбек Алматы қаласындағы №169 Мектеп-лицейінде болып, бітіруші түлектермен кездесті.
Іс-шара барысында спикерле университетіміздің жетістіктері мен барлық мамандықтар бойынша бейнеролик көрсетіліп, екі тілдегі буклеттер мен толық ақпараттар берілді. жастарды қызықтырған барлық сұрақтарға толық жауаптар қайтарылды. Оқушылар QR-код арқылы тіркелді. Талапкерлер арасында университетке тапсыруға ниет білдіргендер аз емес.
Кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізіп жүрген барша әріптестерімізге сәттілі тілейміз! Еңбектеріңіз жемісті болсын!
Алдағы оқу жылында KazNARU факультететтерін таңдап келетін талапкерлеріміздің қатары көбейе берсін!
KazNARU Баспасөз қызметі