KazNARU — Қазақстанның Ұлттық аграрлық зерттеу университеті

KazNARU СТУДЕНТТЕРІ ХVII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ

✅ 2025 жылдың 24-25 сәуір аралығында Қ.Құлажанов атындағы қазақ технология және бизнес университетінде Жоғары оқу орындарының білім алушылары арасында «GASTRO GENIUS» ХVII Республикалық пәндік олимпиадасының II кезеңі болып өтті.

✅ Олимпиаданың мақсаты – талантты студент жастарды қолдау, олардың болашақ маман ретіндегі ерекше кәсіби дағдыларын дамыту, шығармашылық қабілеттерін ашу, сондай-ақ республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатысу үшін зияткерлік команда қалыптастыру.

✅ Еліміздегі жетекші ЖООлардан келген, оның ішінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті де бар, 13 команданың басын қосқан бұл олимпиада болашақ тағам өндірісі мамандарының білімдері мен дағдыларын шыңдауға, сондай-ақ студенттердің шығармашылық әлеуеттерін ашуға мүмкіндік берді.

✅ Олимпиаданың бірінші кезеңі практикалық кейс түрінде өтті, онда қатысушылар шығармашылық қабілеттері мен практикалық дағдыларын көрсетті. Екінші кезең пәндер бойынша тестілеу және ситуациялық сұрақтарды шешуден тұрды.

✅ KazNARU атынан қатысқан «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының екі командасы инновациялық тағам өнімдерінің прототиптерін таныстыру сияқты тәжірибелік тапсырмаларды орындауда кәсіби құзыреттіліктерін көрсете білді.

✅6В07207 - Азық-түлік өнімдері технологиясы БББ бойынша оқитын 3-курс білім алушылары: Әйгерім Сақан, Мөлдір Жетпісбай, ДілдәрТұрсын жүлделі II орынды иеленді. Ғылыми жетекшісі аға оқытушы, PhD Айгүл Алмағанбетова.

✅6В07208 - Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы БББ бойынша оқитын 3-курс білім алушылары: Альбина Таукенова, Гүлназ Шайхы, Аружан Қожагелды Тұранқызын III орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі аға оқытушы, PhD Динаш Нұрдан.

✅Жеңімпаздар Дипломдар мен сертификаттармен марапатталды. Топ жетекшілеріне Алғыс хаттар табысталды.

✅Жоғары деңгейдегі республикалық білім-ғылым сайысында университет абыройын асқақтатқан студенттеріміз бен ұстаздарды жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жаңа биіктерден көріне беріңіздер!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник