Ғылым қоры «Коммерцияландыру реакторы» қарсаңында «АӨК саласындағы ҒҒТҚН коммерцияландыру мәселелері» тақырыбында TCP диалогтық алаңын ұйымдастырды
Ісшара Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Ғылым академиясымен және «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ-мен бірлесіп ұйымдастырылды.
ҚР ҰҒА Вице-Президенті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры А.Қ.Күрішбаев құттықтау сөз сөйледі.
Диалог алаңының жұмысына Ұлттық Ғылым академиясының ғалымдары, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессорлары, егіншілік және өсімдік шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин, малшаруашылығы және жемшөп өндірісі, жеміс-жидек және көкөніс шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі, топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, агробизнес, шаруа және фермер қожалықтарының өкілдері қатысты.
Қатысушылар агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жоғары технологиялық өнімдерді ілгерілету болашағы мен технологияларды коммерцияландыру жобаларының нәтижелерін талқылады. Өсімдік шаруашылығы, малшаруашылығы, ветеринария, ауылшаруашылығы шикізаттарын қайта өңдеу, ауылшаруашылығы процестерін автоматтандыру салаларындағы технологияларды коммерцияландыру және т.б. мәселелер талқыланды.
Өз тарапынан Ғылым қоры ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру тетіктері, сондай-ақ ғылым мен бизнесті интеграциялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Ғылым Қорының Басқарма төрағасы Әбділда Шаменов атап өткендей, «мұндай TCP алаңдарын өткізу дәстүрге айналды. Біз Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен салалық ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми жобаларының басшыларын ағымдағы жылдың 6 маусымында өтетін «Коммерцияландыру реакторы» ісшарасына қатысуға шақырамыз, онда бизнесмендерге, инвесторларға өздерінің ғылыми әзірлемелерін таныстыруға және болашақта гранттық қаржыландыру конкурсына бірлесіп қатысуға мүмкіндік болады.
Ісшара аясында ҚазҰАЗУ жобаларының көрмесі ұйымдастырылды. Олардың қатарында келесілер қамтылады: ағаш алу үшін қара және грек жаңғағы плантацияларын, қой жүнінің қалдықтарынан тыңайтқыштарды, бағалы және аса құнды балық түрлеріне арналған құрама жемді қолға алу, биологиялық белсенді шай өндіру үшін жабайы шырғанақ өңдеудің инновациялық технологиясын енгізу, көшеттер мен көкөніс тұқымдарын перфорацияланған тесіктерге отырғыза отырып, топырақты полиэтилен үлдірмен жабындау үшін аралас агрегатты пайдалану.
Кездесудің соңында АӨК саласындағы ынтымақтастық және болашақтағы ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру талқыланды. Қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленді.