KazNARU

«Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының студенттері үшін қонақ дәрісі

Өндіріс пен тәжірибеге бағытталған оқытуды ұйымдастыруды қолдау мақсатында «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасында оқытылатын білім беру бағдарламаларына қонақтық дәріс ұйымдастырылды.

2023 жылдың 30 наурызында «ЭФКО АЛМАТЫ» ЖШС өкілдері тарапынан  дәріс өткізілді.

Шақырылған қонақтар Ешенкельдиев А.Н. директор «ЭФКО Алматы» ЖШС, өндіріс директоры Булай А.М., сату бөлімінің үйлестірушісі Колпакова В.В. ҚазҰАЗУ практика және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Есимова Б.Д.  презентация жасап, мансаптық мүмкіндіктер туралы әңгімеледі және студенттер мен мұғалімдердің сұрақтарына жауап берді.

Қонақ дәрісі студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырып, пайдалы диалог түрінде өтті. Кездесуде студенттер қажетті практикалық ақпарат ала отырып сонымен қатар осы кәсіпорында одан әрі жұмысқа орналасу және  өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндіктерімен танысты.

 

Кафедра меңгерушісі Л.Мамаева
Өндірістік оқыту шебері Р.Дадашова

---------Chatbot---------
виртуальный помощник