KazNARU

ҚазҰАЗУ ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ ЖАҢА РЕЙТИНГ ЖҮЙЕСІ БІЛІМ-ҒЫЛЫМ САПАСЫН ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫНЫ АРТЫРУҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

Бүгін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Ақылбек Күрішбаевтың төрағалығымен өткен кеңейтілген Ғылыми кеңесте профессор-оқытушылар құрамының рейтингі жүйесінің жаңа көрсеткіштері бойынша ақпарат ұсынынылып, талқыланды.

ҚазҰАЗУ Басқармасы бұған дейін әкімшілік - басқарушы персоналды, оқыту-көмекші және техникалқ қызмет персоналын айтарлықтай қысқарту арқылы ПОҚ мүшелерінің еңбекақысын еліміздің жетекші университеттерінің деңгейінде көтерген еді. Жаңа рейтингтік бағалау негізінде бұл көрсеткішті 40-50% - ға дейін және одан да көп ұлғайтуға мүмкіндік беретін ынталандыру жүйесі енгізілмек.

ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы – Ректорының орынбасары – Провост Мақтағали Бектемесовтың баяндамасында айтылғандай, осыған дейін профессор-оқытушылар құрамының қызметін сараптау кезінде KPI жүйесі қолданылып келді.

«Бұл жүйе бойынша ынталандыруға қамтылған профессор-оқытушылар құрамының 25 пайыздан аспайтындығы тәжірбие жүзінде анықталып, оның тиімділігі жеткіліксіз болып шықты. Сөйтіп оқытушылардың басым көпшілігін қамти алмады. Рейтинг қорытындысы жылына 2 рет қаңтар және мамыр айларында шығарылып, оқытушылар үшін қолайсыз жағдайлар туындады. Сонымен қатар, бұл көрсеткіштерде оқу және оқу-әдістемелік жұмыс бойынша қызметтің көп түрлері ескерілмеген еді. Сондықтан, қолданыстағы рейтинг жүйесін өзгерту қажеттілігі туындап отыр», - деді өз сөзінде Мақтағали Әбдімәжитұлы.

Ғылыми кеңес мүшелері ұсынылған жаңа көрсеткіштерді енгізу мәселесі алдын ала басқа ЖОО-лардың рейтинг бағалауларымен салыстырылып, барлық деңгейде – кафедра және факультеттерде кеңінен талқыланғанын ескере отырып, шешім қабылдады. Атап айтқанда:

– оқу және оқу-әдістемелік,

– ғылыми-зерттеу,

– имиджтік,

-тәрбие және әлеуметтік жұмыстары бойынша рейтингінің жаңа көрсеткіштері нақты сандық және үлестік салмағы жағынан пайыздық өзгерістерге ие болды. Әрбір жұмыс бағытында көрсеткіштердің белгілі бір саны бар, олардың әрқайсысына ұпай беріледі.
 

Бұл жаңа рейтинг жүйесін енгізу механизмінде әрбір оқытушы құжат-мәліметтерді жоғарыдағы төрт жұмыс бағыты бойынша дербес енгізеді. Ол

сканерленген электронды құжат-мәліметтер өңделіп, тексеріліп, қажет жағдайда аппеляция жасалып, сандық көрсеткіштер есептелінеді. Осы көрсеткіштер автоматты түрде жиынтық баллға сәйкес рейтингке бөлінеді, университеттің арнайы комиссиясы шешімімен рейтингінің деректер базасынан алынған реттік мәліметтер қорытындылады.

Рейтингтік база оқу жылы бойы қолжетімді ашық болып тұрады. Әрі оқытушылыр ұжымын кеңінен тартуға ынталандырады, нәтижесінде алдағы жаңа оқу жылында ПОҚ еңбекақысының үстеме өсуіне айқын әсер ететін болады.

Университетіміз үшін бұл жағымды жаңалық!

 

 

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі.

Фото М.Ботабеков

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник