KazNARU

ҚазҰАЗУ мен ФРАНЦИЯНЫҢ AGROPARISTECH УНИВЕРСИТЕТІ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АРТЫП КЕЛЕДІ

2023 жылдың 20 сәуірінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне Еуропада 3-ші және ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және биоэкономика бойынша әлемде 4-ші орында тұрған AgroParisTech (Франция) университетінің профессоры Бруно Ансельм ресми сапармен арнайы келді.

Іс-сапардың негізгі мақсаты – ҚазҰАЗУ қызметімен танысу, жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, қолданыстағы білім беру бағдарламаларындағы іргелі пәндер (математика, физика, информатика, биология, химия) бойынша оқу-әдістемелік кешенді зертету мен силлабустардың мазмұны бойынша мониторинг жүргізу, IT-технологияларды енгізу. Сондай-ақ, AgroParisTech университетімен бірлесіп, бәсекеге қабілетті жаңа буын мамандарын даярлау және қос дипломды оқытуға көшу мәселесін қарастыру.

Сапар бағдарламасы аясында профессор Бруно Ансельм университеттің Басқарма Төрағасы - Ректор, ҚР ҰҒА академигі Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлымен және математика, биология, химия, физика жәнет курстарынан сабақ беретін оқытушылармен кездесті. Шетелдік ғалымға STEM-пәндер мен ақпараттық технологиялар бойынша ҚазҰАЗУ ПОҚ негізгі білім беру бағдарламалары мен силлабустарының тұсаукесерлері ұсынылды.

Француз профессорымен Ситуациялық орталықта болған алғашқы басқосуға ҚазҰАЗУ басшылары – Басқарма Төрағасы-Ректорының орынбасары–Провост Мақтағали Бектемесов, Басқарма Төрағасы-Ректорының орынбасары Пірімқұл Ибрагимов, Академиялық мәселелер жөніндегі атқарушы директор Айнұр Қайырбаева, профессор-оқытушылар құрамы және белгілі ғалымдар қатысты. Сондай-ақ, кездесуге белгілі математик, профессор Фрэнсис Дорра (Франция) онлайн форматта қатысып, сөз сөйледі.

Профессор Ансельм өзі "Биоматематика" оқулығының авторы. Ол STEM пәндерімен, яғни іргелі пәндермен байланысты курстардан өтетін әртүрлі білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттермен әңгімелесті. Студенттермен кездесу барысында ол ҚазҰАЗУ-дағы STEM-пәндерді оқыту деңгейін және оқу нәтижелерін бағалады.

 

ҚазҰАЗУ баспасөз қызмет

---------Chatbot---------
виртуальный помощник