KazNARU

ҚазҰАЗУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

2023 жылғы 31 мамырда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Акт залында университеттің Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысы болып, оған ЖОО басшылығы, құрылым жетекшілері, факультет декандары мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Күн тәртібіне орай, ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы-Ректордың инфрақұрылымды дамыту және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Қуат Сұлтанғазиев «Инфрақұрылымның даму мәселелері мен оларды шешу жолдары» туралы негізгі баяндаманы жасады.

Баяндамашы өз сөзінде инфрақұрылымды дамыту бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесін айта келіп, аудиториялар мен зертханаларда оқу үдерісін сапалы өткізу үшін тиісті жағдайлар жасау, студенттердің, профессорлық-оқытушылық құрам мен университет қызметкерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту туралы сын ескертпелері мен ой-ұсыныстарын ортаға салды.

«Университетте 12 оқу ғимараты, 7 студенттік және 2 отбасылық жатақхана, магистранттар мен докторанттар үйі бар. Алматы облысы аумағында екі оқу-тәжірибе шаруашылықтары бар. Өкінішке орай, университеттің материалдық-техникалық негізін дамытуда көптеген шешілмеген мәселелер қордаланған. Университетіміздің басшысы Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлының жетекшілігімен біздер ең алдымен, сол проблемалық мәселелерді оңтайлы шешудің нақты жолдарын қарастырып, біртіндеп жүзеге асыра бастадық», - деп атап өтті Қуат Елеусізұлы.

Оның ең бастысы – материалдық-техникалық базаны нығайту және профессор-оқытушылар мен қызметкерлердің еңбек ақысын жоғарлату мақсатында қосымша қаржылай ресурстардың көзін табу қолға алынды. Нәтижесінде оқытушылар құрамының жалақысы 50%-ға өсті. Штаттағы әкімшілік-шаруашылық қызметкерлерін 20%-ға дейін қысқарту арқылы AБП және қызмет көрсету персоналының жалақысын 2 есеге дейін арттыруға мүмкіндік жасалды.

Бүгінде ең маңызды мәселе – студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету басты назарда тұр. Өкінішке орай, университеттің жатақханаларында көп уақыт бойы бөгде адамдар қоныстанып келген. Жекемешік колледждің 65 студенті мен 100-ден астам тұруға ешқандай құқығы жоқ, бейтаныс жандар жатақханадан шығарылды. Сондай-ақ, жатақханада тұру ақысы да нарыққа сай қайта қаралды. Жатақханалар мен оқу корпустарын кезең-кезеңімен күрделі жөндеуден өткізу жүзеге асырылуда. Мысалы, №3 оқу ғимаратының 5-ші қабатында бекітілген дизайындық жобаға сәйкес, ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, фойеде «Ақылды аймақ» құрылып, дәліздер мен аудиториялар күрделі жөндеуден өткізілді. Болашақта осындай жобалар әр факультеттің салалық түрлеріне қарай жасалынатын болады.

Барлық жатақханаларда 139 тоңазытқыштар орнатылды. №2 және №3 жатақханаларда бұрын жұмыс істемейтін 39 ас үйдегі қол жуғыштар іске қосылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Университет басшылығы алдағы уақытта 450 орындық жаңа жатақхана салу үшін жер телімін бөлу туралы шешім қабылдаған. Бүгінгі таңда 2,3 млрд теңгеге мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қазіргі таңда инвестор тарту жұмыстары жүргізілуде.

Баяндамашы «Саймасай» және «Байбұлақ» оқу тәжирибелік шаруашылықтарындағы студенттер жатақханаларының жағдайына да тоқталып өтті. «Қазіргі таңда онда жалпы сомасы 51 млн теңгелік күрделі жөндеуге Жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. «Байбұлақ» оқу-тәжірибе шаруашылығында әкімшілік ғимараттар мен 2 жатақхананың маңында орналасқан жер телімін заңдастыру жұмыстары жүргізілуде. Ол заңдастырылғаннан кейін ғимараттардың техникалық төлқұжаттары әзірленетін болады. Бұл ғимараттар болашақта заманауи үлгідегі жатақханаға айналатын болады», - деді Қуат Сұлтанғазиев.

2023 жылдың ақпан айында Басқарма шешімімен «Айдарбаев» шаруа қожалығымен «Саймасай» учаскесінде жалпы көлемі 380 гектарды құрайтын бірлескен қызмет туралы келісім жасалынды.
Биыл заман талабына сай, оқу ғимараттары мен жатақханаға инновациялар әзірлейтін дизайнер қызметі ашылды. Университеттің тігін цехының жұмысы жаңа деңгейге көтерілді. Тігін цехы университетте өткізілетін барлық іс-шараларға қатысады және студенттерге қажетті бұйымдармен қамтамасыз етеді.

Пластикалық есік, терезе, витраж шығаратын цех іске қосылды. Жиһаз цехының шатыры жаңартылды. Жөндеу жұмыстарының барлық түрі аяқталғаннан кейін, жиһаз шығару үшін өткен жылдың соңында жалпы сомасы 90 млн теңгеге сатып алынған жабдық іске қосылмақ.

Автогараж қызметі де қайта қаралып, 8 жүргізуші қысқартылды, 18 миллион теңгеден астам жанар-жағармай үнемделді.

Айта кететін тағы бір жайт, университеттің спорттық-сауықтыру жұмыстарын жақсарту мақсатында 200 орындық трибунасы бар ашық стадионды жаңғырту жоспарлануда. Қазіргі уақытта бұған түскен үш ұсыныс қарастырылуда.

Студенттерді жазғы демалыс кезінде уақытша жұмысқа орналастыру қарастырылып, оқу корпустары мен жатақханаларға косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 90 адамнан тұратын «Жасыл-ел» жасағы құрылып жатыр. Олар 1-ші маусымнан бастап жөндеу жұмыстарын бастауға әзір.

Баяндамашы өз сөзінде 30 жыл ішінде университет балансынан шығарылған активтердің заңдылықтарын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатқанынан хабардар етті. Оның ішінде, «Электрофикация» факультетінің оқу ғимараты, жалпы көлемі 10 431 ш.м. құрайтын «Зооинженерия және ветеринария» лабораториялық оқу ғимараты, стадион (спортзалымен), жатақханалар мен оқу корпусы, гараж телімі, т.б. түрлі нысандар бар. Қазіргі таңда «Байбұлақ» ауылындағы университет балансынан шығарылған 1,2 гектар жерді ауыл шаруашылығы үшін қайтару жұмыстары жүргізілуде.

Жарыссөзге шыққан ардагер оқытушылар мен ғалымдар университеттің инфрақұрылымын дамыту бойынша мәселелердің өте маңыздылығын атап өтіп, қысқа мерзімде атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесіне өздерінің оң бағаларын берді. Сонымен қатар, сөйлеуші ғалымдар кезінде бас пайдасын көздеушілердің кесірінен жеке қолға өтіп кеткен барлық активтердің оқу ордасына қайтару жолдарын қарастыруға шақырды.

 

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі
Фото М.Ботабеков

---------Chatbot---------
виртуальный помощник