KazNARU

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІТІРУШІ ДОКТОРАНТТАРЫ ОТАНДЫҚ ҒЫЛЫМ САЛАСЫН ТОЛЫҚТЫРДЫ

 

2023 жылдың 14 маусымында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде диссертациялық кеңестерде диссертацияларды сәтті қорғаған және докторантураны бітірген түлектерге «философия докторы» (PhD) дипломдары салтанатты түрде табыс етілді. Салтанатты шараға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, кафедра меңгерушілері, факультет декандары қатысты.

 


Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры, ҚР ҰҒА вице-президенті, академигі Ақылбек Күрішбаев өзінің Құттықтау сөзінде докторантураны табысты аяқтаған жас ғалымдарға болашақта сәттілік тіледі.

«Біздің университетте докторлық диссертацияларды (PhD) қорғау бойынша 9 диссертациялық Кеңес жұмыс істейді. Әрбір диссертациялық кеңестерде басқа жоғары оқу орындарының, ғылыми немесе басқа ұйымдардың өкілдері тұрақты мүше болып енген, сондай-ақ, әрбір кеңесте шетелдік бір ғалым тұрақты мүше болып табылады. Бүгін, міне, отандық ғылым саласын өзіміздің оқу ордасында білім алған және шет елдерде тәжірибеден өткен докторанттар толықтырып отыр. Баршаңызды ғылымдағы жаңа белестеріңізбен құттықтаймын!» - деді университет басшысы Ақылбек Қажығұлұлы.


Бүгінгі таңда инновацияның заманауи жетістіктерді меңгерген ҚазҰАЗУ көптеген түлектері еліміздің экономикасы мен аграрлық секторында абыройлы еңбек етіп жүр. Бүгін ғылыми-педагогикалық бағыттағы ветеринария, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, орман шаруашылығы және сәулет және құрылыс БББ бойынша докторантураның 12 түлегі аграрлық саласының көшін толықтырды.


Өз кезегінде бітіруші докторанттар сапалы білім бергені және білім алушылар үшін қолайлы жағдайлар жасағаны үшін ҚазҰАЗУ оқытушылары мен басшылығына өз алғыстарын білдірді.
Талантты жас ғалымдарымыздың осы бір қуанышты сәттерін бөлісе отырып, оларға Отан игілігіне адал қызмет етуге, ең бастысы, өздері алдына қойған биік мақсаттарына талмай жете берулеріне ақ жол тілейміз!

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник