KazNARU

CIMMYT Халықаралық орталығының (Түркия) өкілі ҚазҰЗАУ-ға келді

ҚазҰАЗУ Стратегия, ғылым және халықаралық қатынастар департаментінің директоры Серік Кененбаев CIMMYT халықаралық жүгері мен бидайды жақсарту орталығынан келген Dr. Beyhan Akinмен (Түркия) кездесті.


Профессор Кененбаев С.Б. оқу орнында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы қонақты қысқаша хабардар етіп, университеттің инновациалық орталықтары және зертханаларымен таныстырды.


Өз кезегінде Dr. Beyhan Akin жүгері мен бидайдың сапасын жақсарту бойынша бірлескен зерттеулерді жүзеге асыру бойынша ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытты. Сондай-ақ, ол ҚазҰЗАУ зерттеушілерін тағылымдамадан өту үшін өз орталығына шақыруға дайын екенін білдірді.

Сонымен қатар, Dr. Beyhan Akin CIMMYT-тің соңғы жетістіктері туралы ақпаратпен бөлісті және жергілікті үкіметтік органдар өз орталығының Қазақстан аумағындағы қызметін қолдайтынына үміт білдірді.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник