KazNARU

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП–2023» РЕСМИ ЖАБЫЛУЫ БОЛЫП ӨТТІ

Бүгін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде 10 күн бойы онлайн форматта өткен «Халықаралық жазғы мекте – 2023» жұмысының ресми жабылуы болып өтті.

Жазғы мектептің онлайн/офлайн форматта жабылу салтанатына ҚазҰАЗУ проректорлары мен жетекші профессор-оқытушылары, серіктес ЖОО-лар мен жақын және алыс шетелдердің ғалымдары, білім алушылар, салалық ғылыми ұйымдар мен өндіріс өкілдері қатысты.


Модератор – ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы – Ректордың орынбасары, Провост м.а., экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Айнұр Қайырбаева жыл сайын Халықаралық мектепті өткізу жақсы дәстүрге айналғанын атап өтті.

Биыл жазғы мектеп жұмысына әлемнің 33 елінен 549 тыңдаушы қатысты (оның ішінде Қазақстаннан 117 тыңдаушы). Айта кету керек, жазғы мектеп оқытушыларының командасы ең жоғары деңгейдегі кәсіпқойлардан – 100-ден астам шетелдік ғалымдардан, салалық ҒЗИ мен өндіріс өкілдерінен құралған.


Сонымен бірге, ҚазҰАЗУ ғалымдары да инновациялық орталықтар мен зертханаларда тәжірибелік сабақтар өткізді. Мектептің бағдарлама басшылары АӨК өзекті мәселелері бойынша дәрістер мен практикалық сабақтар өткізді. Тыңдаушылар үшін, бұл деген –әлемдік деңгейдегі ғалымдармен жақын танысу, сабақтарды өткізудің жаңа тақырыптары мен нысандарын меңгеру болып табылады.

Бұл туралы ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы-Ректорының орынбасары, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Пірімқұл Ибрагимов өз сөзінде атап өтіп, жазғы мектепке қатысушыларды жобаның сәтті аяқталуымен құттықтады.

«Халықаралық мектептің басты мақсаты – жаңа білім беру, практикалық дағдыларды, инновациялық технологиялар мен ғылыми зерттеулер жүргізу әдістемелерін үйрету. Сонымен қатар, бұл біздің серіктестермен тағы да жақын кездесіп, жаңа идеялармен, ғылыми және оқу әзірлемелерімен алмасу мүмкіндігі екені анық. Биылғы қатысушылар өздерінің кәсіби қызметінде пайдалана алатын көптеген пайдалы ақпарат алды деп ойлаймын. Дәрістердің өте жоғары деңгейде өткеніне және болашақта да жалғасын табатынына сенімдімін", - деді Пірімқұл Шолпанқұлұлы.


Биыл жазғы мектеп 10 бағыт бойынша ұйымдастырылды: «АӨК Агробиоинновациясы», «Қазақстанның су ресурстарын бағалау және басқару мәселелері», «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», «Мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын басқару», «Биотехнология және тамақ қауіпсіздігі», «Биологиялық қауіпсіздіктегі ветеринария», «Клиникалық ветеринария», «Инновациялық цифрландыру жағдайындағы ауыл шаруашылығының технологиялары мен техникалық құралдары», «Жер және орман ресурстарын басқару», "Агробизнес".
Өткізілген дәрістер, презентациялар, шеберлік-класс, ғылыми-зерттеу жұмыстары және онлайн-режимдегі практикалық сабақтар жазғы мектептің бірде-бір қатысушысын бей-жай қалдырмағаны рас.


Оқыту қорытындысы бойынша «Халықаралық жазғы мектеп – 2023» қатысушыларына 72 сағаттық Сертификаттар электронды форматта жіберілді.

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник