KazNARU

ҚазҰАЗУ ШВЕЙЦАРИЯНЫҢ SEFE MARKETING & TRADING КОМПАНИЯСЫМЕН БІРЛЕСЕ ОРМАН ПИТОМНИГІН ҚҰРМАҚ

2023 жылғы 20 маусымда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Стратегия, ғылым және халықаралық қатынастар департаментінің директоры Серік Кененбаев SAFC компаниясы мен оның стратегиялық серіктесі – Sefe Marketing & Trading (Швейцария) компаниясының өкілдерімен кездесті.

Кездесуге Sefe Marketing & Trading компаниясының еншілес SM&T компаниясының өкілдері Натан Диксон (Origination Manager), Сергей Киселев (upstream Originator) және ҚазҰАЗУ салалық құрылым жетекшілері қатысты.

Серік Барменбекұлы қонақтарға ҚазҰАЗУ-дың ғылыми-зерттеу әлеуеті туралы ақпарат беріп, швейцариялық технологияларды пайдалана отырып, бірлескен іс-шаралардың жобаларын жүзеге асыруды ұсынды. Атап айтқанда:

- Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен SAFC ЖШС Қазақстанның құрғақ аймақтарында питомник пен орман өсіру жобасының шеңберінде ынтымақтасады. SAFC 2023 жылғы наурыздан бастап университеттің көмегімен Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында орман питомнигін құрудың бірінші кезеңін бастады;

- Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті биолаборатория қызметтерін ұсыну (көбейту, тестілеу, ауруларды бақылау) және питомник пен оның өнімдерін сертификаттау, селекциялық питомник шаруашылығы және аудандастырылған көшеттер өсіру технологиялары саласындағы үздік тәжірибелерді енгізу арқылы ғылыми серіктес ретінде әрекет етеді

SM & T компаниясы көміртегі бірліктерінің ең ірі трейдері болып табылады және болашақта Safc орман өсіру жобаларының әлеуетті серіктесі және инвесторы болады;

Safc және Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті ҚР ҒЖООМ "Ғылым қоры" АҚ-ның ғылыми ізденістер мен материалдық-техникалық базаны жақсарту үшін гранттық қаржыландыруға арналған конкурсына қатысу мүмкіндігін талқылады;

Safc, Planta Fruit және ҚазҰАЗУ сонымен қатар, елімізде жидек өсіруді дамыту жобасы шеңберінде ынтымақтастықты жоспарлап отыр (таңқурайдың элиталық сорттарын аз көлемде өсіретін сертификатталған питомник құру).

 

ҚазҰАЗУ баспасөз қызметі

Фото М.Ботабеков

---------Chatbot---------
виртуальный помощник