ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНДА «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ АХУАЛЫ ЖӘНЕ ДАМУ ЖОЛДАРЫ» АТТЫ СЕМИНАР-КЕҢЕС БОЛЫП ӨТТІ.
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің фермерлерге қызмет көрсететін «Білім тарату» филиалының ашылуына қолдау білдірді.
Жаңа құрылымдық бөлімшенің миссиясы – агросаланың қажеттілігіне қарай, АӨК субъектілерін қысқа мерзімде оқыту, кеңес беру арқылы ауыл шаруашылығы өндірісіне заманауи, тиімді технологияларды, инновацияларды тарату және енгізу.