KazNARU

ҚазҰАЗУ «СУ, ЖЕР ЖӘНЕ ОРМАН РЕСУРСТАРЫ» ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІ ДИПЛОМ АЛДЫ

Университет бітіргені туралы диплом тапсырудың салтанатты шеруін «Су, жер және орман ресурстары» факультетінің бітірушілері жалғастырды.


"СЖжОР" факультетінің «Жер ресурстары және кадастр» кафедрасының даму тарихы 1932 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтының базасында құрылған «Геодезия» кафедрасынан басталады. Ал 1942 жылы гидромелиоративтік факультет ашылып, 1947 жылы инженер-гидротехниктердің алғашқы түлектері ұшып шықты.
Жоғары кәсіптік орман білімі 1948 жылы Қазақ АШИ жанынан орман шаруашылығы факультеті ашылған кезден басталады. Алғашқы аңшылық кафедрасы 1995 жылы наурызда ұйымдастырылды.
1995 жылдың қыркүйегінде «Геодезия» мамандығы негізінде «Жерге орналастыру және геодезия» атты жаңа кафедра ашылды. 2009-2010 оқу жылында «Жер ресурстары және кадастр» кафедрасы ұйымдастырылды.


Бүгінгі күні «Су, жер және орман ресурстары» факультетінде су ресурстарын басқару, мелиорация, жерді қалпына келтіру және қорғау, жер ресурстарын басқару және жер кадастрын жүргізу, орман ресурстары мен орман шаруашылығын басқару, ағаш өңдеу, ландшафты дизайн және көгалдандыру, аквамәдениетті дамыту және су биологиялық ресурстарын басқару т.б. салаларда білікті мамандарды даярлау үшін барлық мүмкіндіктер жасалынған.


Ағымдағы жылы факультетті 299 түлек бітіріп отыр. Диплом тапсыру рәсімі оқытушылардың, студенттер мен ата-аналардың құттықтауларымен және қызықты музыкалық ән-шашумен жалғасты.
ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі.
______________________________________


СУ, ЖЕР ЖӘНЕ ОРМАН РЕСУРСТАРЫ» факультеті бойынша
жалпы бітірушілер – 299.
Үздік диплом иегерлері-31
1). 6В08601 - «Су ресурстарын басқару» білім беру бағдарламасы:
Диплом алғандар – 45
2). «6В08602 - Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау» білім беру бағдарламасы
Диплом алғандар – 8
3). 6В08302 - «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» білім беру бағдарламасы:
Диплом алғандар – 113
Оның ішінде: үздік диплом – 5
4). 6В08301 - «Аңшылықтану және аң шаруашылығы» білім беру бағдарламасы:
Диплом алғандар – 18
Оның ішінде: үздік диплом – 2
5). 6В07307 - «Жерге орналастыру» білім беру бағдарламасы:
Диплом алғандар – 47
Оның ішінде: үздік диплом – 7
6). 6В07308 - «Кадастр» білім беру бағдарламасы:
Диплом алғандар – 55
Оның ішінде: үздік диплом –15
7). 6В08401 - «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» білім беру бағдарламасы:
Диплом алғандар –13
Оның ішінде: үздік диплом – 2

---------Chatbot---------
виртуальный помощник