KazNARU

БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ" ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІ ДИПЛОМ АЛДЫ

"Бизнес және құқық" Жоғары мектебінің тарихы Қазақ ауыл шаруашылығы институтының 1963 жылы құрылған экономика факультетінен бастау алады. Құрылғаннан бері аграрлық жоғары білім беру мен ғылымда үлкен де, табысты жолдардан өтті.

Бүгінгі таңда Жоғары мектеп базасында экономика, менеджмент, қаржы, ақша айналымы және несие, корпорациялар мен әртүрлі ұйымдар деңгейінде жоспарлау және бюджеті қалыптастыру, құқық қорғау органдарында, шаруашылық жүргізуші субъектілерде, мемлекеттік басқару құрылымдарында, ғылыми зерттеу мекемелерінде жұмыс істеу, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру және қызмет көрсету саласында білікті мамандар даярлау үшін барлық мүмкіндіктер жасалынған.


Факультет бакалавриаттың 9 білім беру бағдарламалары бойынша, магистратураның 8 БББ бойынша және PhD докторантура бойынша бір мамандар даярлауға лицензия иеленіп отыр.
ASIIN Агенттігі аккредиттеу (Германия) бағдарламасы бойынша 7М04102–«Менеджмент» бағдарламасы халықаралық аккредиттеуден өтсе, 9 білім беру бағдарламалары Ұлттық мамандандырылған аккредитациялау және рейтинг тәуелсіз агенттігі мен «Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі» мемлекеттік емес мекемесі арқылы білім сапасын аккредиттеуден өтті.

Мамандарды дайындау үшін Ресей, Украина, Беларусь, АҚШ, Германия, Словакия, Латвия, Литва, Польша және т.б. елдердің танымал, жетекші заңгер ғалымдары тартылған. Білім алушылар озық шетелдердің үздік университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарында академиялық ұтқырлық бойынша білім алады және ғылыми тағылымдамадан өтеді.


Факультет ғалымдары шетелдік әріптестерімен бірлесе түрлі ғылыми зерттеулер жүргізеді, Жазғы магистрлік мектепті, Халықаралық қысқы мектепті ұйымдастыруға және өткізуге қатысады. Сонымен қатар, АӨК дамыту бағыттары бойынша жаңа білім мен практикалық дағдылар алудың бірегей мүмкіндіктері беріледі. Дәрістер, мастер/тренингтер салалық ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми-өндірістік орталықтарының білікті мамандары мен өндіріс өкілдерінің қатысуымен жүйелі өткізіледі.

Факультет құрамында үш кафедра бар: Х. Д. Чурин атындағы "Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру", "Есеп, аудит және қаржы", "Құқық". Олар нарықтық экономиканың қажеттіліктерін қанағаттандыратын білім, ғылым мен практиканың тығыз интеграциясы негізінде кадрлар даярлау; ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру және олардың нәтижелерін өндіріске енгізу; студентті тұлға ретінде және маман ретінде тәрбиелеу ісін белсенді ұйымдастырады.


Биыл "Бизнес және құқық" Жоғары мектебін 240 білім алушы, оның ішінде 25 түлек ерекше үздік нұсқадағы дипломмен аяқтап отыр.
Бітіруші түлектерге сәт-сапар тілейміз!

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник