KazNARU

ДИПЛОМ ТАПСЫРУ САЛТАНАТЫН БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР ТҮЙІНДЕДІ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде үш күнге созылған диплом тапсыру салтанатын «Инженерлік-техникалық» факультетінің түлектері қортындылады.
Бұл факультеттің тарихы да әріден бастау алады. 1934 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтында «Ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру» мамандығы бойынша инженер-механиктерді даярлайтын инженерлік-техникалық факультеті құрылды. 1939 жылы инженер-механик мамандығы бойынша бірінші түлектер бітіріп шықты.


Факультеттің құрамында: физика жоғары математика, ауыл шаруашылығы машиналары, тракторлары және автомобильдері сияқты 4 кафедра болды. Бүгінде олар И.В. Сахаров атындағы Машина пайдалану, Аграрлық техника және механикалық инженерия, IT-технологиялар және автоматтандыру, Энергияны үнемдеу және автоматика деген атаумен жұмысын жалғастыруда.
Факультеттің өндірістік тәжірибелік базалары ретінде оқу-ғылыми өндіріс орындары мен бірнеше ірі кәсіпорындар алынған. Студенттер мен магистранттар жыл сайын оларда оқу-өндірістік тәжірибеден өтіп, шыңдалып отырады. ҚазАШМЭҒЗИ-да және Қазақстан-Корей ақпараттық технологиялар орталығында танымал ғалымдар дәріс беретін оқу ғылыми филиалдары бар.


Оқу тәжірибелік базалар қатарына Байсерке-Агро, Амиран-Агро, Азия-Авто орталықтары мен «Саймасай» оқу өндірістік шаруашылығы кіреді. Студенттер мен магистранттар бұнда жаңа пәндерді игеріп, әртүрлі өндірістік үрдістермен іс жүзінде танысады, дипломдық, диссертациялық жұмыстарының өндіріске енгізілу мүмкіндіктерін пайдалану арқылы тәжірибе жинақтайды.


Бүгін 2022-2023 оқу жылын сәтті аяқтаған «Инженерлік-техникалық» факультеттің 260 студенті бітіріп, оның 12-сі үздік қызыл дипломға ие болды.


Қуаныштарыңыз құтты болсын, жас түлектер!
Бүгінгі күн алдағы асуларыңның тұнық бастауы болсын!

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник