KazNARU

МАГИСТРАТУРА ДЕҢГЕЙІНДЕ ЕКІ ДИПЛОМ ИГЕРУ БОЙЫНША ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ


2023 жылғы 13 шілдеде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы - Ректорының орынбасары – Провост м.а. Қайырбаева Айнұр Елтайқызы Литва денсаулық ғылымдары университетінің (Lithuanian University of Health Sciences) өкілдерімен «Орталық Азиядағы экономикалық өсу секторлары үшін кәсіптік оқыту» тақырыбындағы халықаралық жобаны іске асыру мәселелерін талқылау бойынша онлайн кездесу өткізді.

Жоба Орталық Азиядағы сұранысқа ие білікті мамандарды даярлау бойынша кәсіптік білім беруді жаңғырту процестеріне жәрдемдеседі және оны халықаралық ынтымақтастық жөніндегі (GIZ) Герман қоғамы қаржыландырады. 

Жобаны іске асыру барысында орындаушылар ОА аймағында арнайы дайындалған мамандарға, сондай-ақ әзірленген және жетілдірілген оқу бағдарламаларын қамтитын жұмыс тәжірибесіне сүйенеді. Қазіргі кезеңде бұл нәтижелер кәсіптік білім берудің нормативтік-құқықтық базасын реформалауда және білім беру мекемелері мен жеке сектор қолданатын тәсілдерде көбірек пайдаланылады.

Кездесуге ҚазҰАЗУ-дың Ветеринариялық медицина, Зооинженерия және тамақ өндірісінің технологиясы факультеттерінің декандары, кафедра меңгерушілері мен профессорлары қатысты.

Тараптар екі диплом бойынша білім беру бағдарламасын әзірлеу және алдағы уақытта ПОҚ пен магистранттардың академиялық ұтқырлығын іске асыру мүмкіндіктерін талқылады. 

 Жоба аясында 2023-24 оқу жылында ҚазҰАЗУ-дың 12 магистранты Литва денсаулық ғылымдары университетіне бір семестрге оқуға баратын болып келісілді. 

ҚазҰАЗУ баспасөз қызметі


 


 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник