KazNARU

ҚазҰАЗУ МАГИСТРАТУРА ТҮЛЕКТЕРІНЕ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ДИПЛОМДАР ТАБЫС ЕТІЛДІ

2023 жылғы 14 шілдеде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің акт залында ЖОО басшылығының, оқытушылары мен ата-аналардың, түлектердің қатысуымен магистратура түлектеріне салтанатты түрде дипломдар табысталды. Мерекелік іс-шараны ашқан ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы – Ректордың м.а., ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Пірімқұл Ибрагимов басшылықтың атынан түлектерді шын жүректен құттықтауын жеткізді.

«Биыл Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті QS WORLD UNIVERSITY әлемдік рейтингісінде Қазақстандық үздік бес ЖОО-ның қатарына енді. Осы халықаралық рейтингте айқындалған орын біздің университетегі жоғары білім беру сапасы мен білікті кадрлар даярлаудың биік дәрежеде жүргізілетінін тағы да растайды. Магистратура – бұл үш деңгейлі жоғары білім беру жүйесінің екінші деңгейіне саналады, әрі кең және тереңірек білім алған білікті мамандарды тәрбиелеп шығарады. Өз кәсібін жоғары деңгейде игерген әрбір дипломды магистрантқа өмірдегі өз орнын иелену қиынға соқпайды. Сіздер осында алған білімідеріңізді тәжірибеде жүзеге асыра отырып, жетістікке жете алатындарыңызға сенімдімін. Еліміздің болашағы сіздердің қолдарыңызда. Алдағы асуларыңыз бен жолдарыңыз жарқын болсын! Баршаңызға сәттілік тілеймін», - деді Пірімқұл Шолпанқұлұлы.

Спикердің айтуынша, биыл Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті QS Stars халықаралық рейтингісінің бағалауынша екі номинация бойынша бес жұлдызға ие болды: «Оқыту» және «Жұмыспен қамту». Бұл екі категория әрбір университет үшін ерекше маңызға ие, өйткені олар оның қызметінің негізгі мәнін қамтиды. Тиісті түрде бес жұлдызбен бағаланған бұл санаттар қоғамға ҚазҰАЗУ студенттерінің сұранысқа ие мамандықтар бойынша үздік оқытудың арқасында сапалы білім алатынын түсінуге мүмкіндік береді, бұл түлектеріміздің жұмысқа қабілеттілігінің жоғары деңгейін дәлелдейді. Биыл еліміздің жетекші аграрлық университетінің 225 түлегі ғылым магистрі атағын алды.

ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы-Ректордың орынбасары – Провост м.а., экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Айнұр Қайырбаева дипломдарды тапсыру рәсімінде сөз сөйлеп, біздің магистранттар Варшава жаратылыстану ғылымдары университетінде (Польша) екі дипломды білім беру бағдарламасы бойынша да бітрігендерін мақтанышпен атап өтті.

«Варшава жаратылыстану ғылымдары университетінде «IT-технологияларын пайдаланып су ресурстарын басқару» білім беру бағдарламасы бойынша екі дипломды магистрлік диссертацияларды қорғау өте сәтті өтті. Екі дипломды маман атану түлектерімізге көптеген қосымша мүмкіндіктер береді. Олар шетелде болып, басқа елдің дәстүрлерімен, білімімен және тәжірибесімен жақын танысты. Әрине, өз кезегінде бұл қадамдар олардың ойлау көкжиегі мен білім беру кеңістігін дамытуға көмегін тигізері сөзсіз», - деді Айнұр Елтайқызы.

Осы бағдарламаның алғашқы магистранттары – Әбдіғаппар Әст Ғаниқызы, Мурат Даулет Муратулы. Самидолда Фируза Фархатқызы, Ырысбай Зерде Тұрсынқызы, Үсенбек Динара Алмасқызы, Болат Еркебұлан Дәуренұлы.

Олар өз кезегінде барлық түлектердің атынан университет басшылығы мен оқытушыларға сапалы білім мен лайықты тәрбие бергендері үшін зор алғыстарын білдірді, сонымен қатар еліміздің ғылымы мен экономикасын дамыту үшін белсенді жұмыс істейтіндіктерін баса атап өтті.

Магистр атанған жастарымызды құттықтаймыз және алға қойған мақсаттарына жете берулеріне тілектеспііз!

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник