KazNARU

«Қызылорда облысындағы Сырдария өзені бойындағы орналастырылған ауыл шаруашылығы жерлерінің мониторингі және зерттеу жаңа агрометеорологиялық станциялар арқасында жүзеге асырылады»

2023 жылдың 10-15 шілдесі аралығында ҚазҰАУ Тұрақты ауыл шаруашылығы орталығының қызметкерлері Қызылорда облысына іссапар өткізді. Бұл далалық ғылыми-зерттеу экспедициясының негізгі мақсаты Қызылорда облысының Жаңақорған, Сырдария және Қармақшы аудандарында агрометеорологиялық станциялар орнату болды. Бұл станциялар ауылшаруашылық зерттеулерінің барлық түрлеріне қажетті метеорологиялық көрсеткіштерді ұзақ мерзімді автономды бақылауға, сондай-ақ Сырдария өзенінің бойындағы климат, өзен ағындары, ауылшаруашылық жерлері мен жер жамылғысының уақыттық қатарлары бойынша кешенді мәліметтер базасын құруға арналған.

Іссапар аясында І.Жахаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлерімен, шаруа қожалықтарының өкілдерімен ғылыми-әріптестік кездесулер өткіздік. Біздің байланыстарымыз «Қызылорда» ҚазҰҒЗИ Білім орталығының басшысы Жанұзақ Баймановтың қолдауының арқасында, зерттеу облыстарының фермерлерімен таныстырғанының арқасында қалыптасты.

Жаңақорған ауданында «Агротехнология» ғылыми-өндірістік шаруа қожалығының басшысы Керімхан Егізбаевтың егін алқаптарына агрометеорологиялық станция орнаттық. Керімхан Егізбаев – тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жеке кәсібін бастаған кәсіпкерлердің бірі. Қазіргі уақытта оның ұлы күріш-күздік бидай-күріш ауыспалы егістігін өсірудің жұмысына белсене араласады. Олар сондай-ақ 1980 гектар жерді басқарып, 344 бас ірі қара, оның ішінде Америка Құрама Штаттарынан әкелінген 150 Санта-Гертруда сиырын ұстайды.

Сырдария ауданында І.Жахаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының егіншілік алқаптарына агрометеорологиялық станция орнаттық. Бұл ауданның метеорологиялық жағдайлары туралы мәліметтерді жинауға және талдауға және оларды ауылшаруашылық зерттеулеріне пайдалануға мүмкіндік береді.

Қармақшы ауданында «Ақтөбе және К» серіктестігінің егін алқаптарына агрометеорологиялық станция орнаттық. Осы серіктестіктің басшысы Іздібаев Нұрлан Тұрғанбекұлы 2016 жылы озық технологияларды енгізіп, жоғары өнімге қол жеткізгені үшін «Құрмет» орденімен марапатталды. Еңбек жолын қатардағы комбайншы болып бастаған Н.Іздібаев бүгінде Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылындағы Арал өңіріндегі «Ақтөбе и К» ірі күріш өсіру кәсіпорнының директоры.

Агрометеорологиялық станцияны орнату барысында қажетті метеорологиялық құралдарға, мәліметтер жинау жүйелеріне қосылуды, метеостанцияның мониторингін қашықтықтан визуализациялауды қамтамасыз еттік. Сондай-ақ стансаның жұмысы мен техникалық қызмет көрсетуіне қатысты шаруашылық қызметкерлерімен брифингтер өткізілді.

Орнатылған агрометеорологиялық станциялар ауа райы жағдайлары, топырақтың ылғалдылығы, ауа температурасы және ауылшаруашылық зерттеулеріне қажетті басқа да параметрлер туралы үздіксіз мәліметтерді жинауға мүмкіндік береді. Бұл деректер климаттық

жағдайларды, өсімдіктердің қоршаған ортаға реакциясын талдау және болжау және ауылшаруашылық тәжірибелерін оңтайландыру үшін пайдаланылады.

И.Жахаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлерімен серіктестік және шаруа қожалықтарының өкілдерімен кездесулер білім мен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ аграрлық саладағы кооперацияны нығайтуға ықпал етуде. Бұл аймақта тиімді ауылшаруашылық тәжірибелерін дамытуға және жоғары өнімділікке әкелуі мүмкін.

Бұл Қызылорда облысына зерттеу сапары АҚШ Ұлттық ғылым академиясы (ҰҒА) мен АҚШ Халықаралық Даму Агенттігі (USAID) PEER 9 циклдік бағдарламасы аясында 01.04.2021 жылғы № ID-OAA-A-11-00012 халықаралық гранттық қаржыландыру «Суды шамадан тыс пайдалану және ауыл шаруашылығын интенсификациялаудың Арал теңізінің тартылуына әсері: Сырдария өзені бассейніндегі SES динамикасы» тақырыбындағы жобаның қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылды.

Құрылған агрометеорологиялық станциялар ауылшаруашылық зерттеулеріне қажетті ауа-райы мен климаттық мәліметтерді жинауда маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ, ғылыми және серіктес ұйымдармен кездесулер ауыл шаруашылығы саласы бойынша білім мен тәжірибе алмасуға ықпал етіп, өңірдегі ауыл шаруашылығын дамытып, оның өнімділігін арттыруға септігін тигізуде.

ҚазҰАУ Тұрақты ауыл шаруашылығы орталығының жетекшісі – а.-ш.ғ.к. Кусаинова Майра Джумагуловна

​​​​​​​

---------Chatbot---------
виртуальный помощник