KazNARU

БАСТЫ БАҒЫТ – АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМ МЕН ӨНДІРІС БАЙЛАНЫСТАРЫН НЫҒАЙТУ

БАСТЫ БАҒЫТ – АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМ МЕН ӨНДІРІС БАЙЛАНЫСТАРЫН НЫҒАЙТУ

ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Вице-президенті Ақылбек КҮРІШБАЕВ:

Қазіргі уақытта әлемде қатты қуаңшылық белең алуда. Соның салдарынан, орын алған геосаяси жағдай азықтық өнімдердің тапшылығын сездіруде.

Демек, экономика үшін де, халықтың әлеуметтік ахуалын жақсартуда қуаңшылыққа бейімделген егіс тұқымдарын көбейту мемелекеттік саясаттың басты бағыты болуға тиіс.

Европа мен Америкада шығарылған өнім тұқымдары біздің ауа-райымызға бейімделмеген. Сондықтан, ауыл шаруашылығы дақылдарының отандық селекциясын жақсарту, сол арқылы тұқым шаруашылығын дамыту - ғылымның және жалпы қоғамның бірлесе жүзеге асыратын міндеттеріне айналуға тиіс.

Осы тұрғыдан ойласақ, мемлекеттік субсидияларды шетелдік өнім сорттарына емес, тек қана отандық өнім сорттарын жетілдіруге беруіміз қажет.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник