KazNARU

КЕЗІНДЕ ЕСЕПТЕН ШЫҒАРЫЛҒАН СТУДЕНТТІК ЖАТАҚХАНА ҚазҰАЗУ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНА ҚАЙТАРЫЛДЫ

Осындай нақты жұмыстардың нәтижесінде биылғы жылы жатақханалардан студенттер үшін тағы да 280 орын пайдалануға беріледі.

✅ 2022 жылғы 8 қарашада Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлымен алғашқы кездесу барысында студенттер жатақхана мәселесінің ушығып кеткенін айтып, орын тапшылығына шағымданған болатын.

✅ Қазіргі күні университеттің №6 студенттік жатақханасы тұрғын үй қорына қайтарылды және онда күрделі жөндеу жұмыстары толық жүргізілуде. Ғимараттың сыртқы түрі ғана емес, оның ішкі кеңістігі де толық өзгереді: тұрғын бөлмелер, асүйлер мен дәліздер, жуынатын тазалық орындары жаңаша дизайнмен өрнектелмек. Едендер мен төбені ауыстыру жұмыстары жүргізілді, плиткалар төселді, жаңа есіктер орнатылды. Қысқа мерзімде сумен жабдықтау, кәріз және жылыту жүйелері ауыстырылатын болады.

✅ Айта кетейік, бұл жатақхана 1963 жылы салынған. Мұнда күрделі жөндеу соңғы 10 жылда алғаш рет жүргізілуде.

ҚазҰАЗУ басшылығының айтуынша, биылғы жылы осындай нақты жұмыстардың нәтижесінде жатақханалардан студенттер үшін тағы да 280 орын пайдалануға беріледі.

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник