ФАО мамандарының университеттік оқу бағдарламасын бағалауы (Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы)
2023 жылғы 18-19 қыркүйек аралығында микробқа қарсы препараттардың тұрақтылығы жөніндегі ФАО маманы Марипа Кичинебатырова және Қазақстандағы микробқа қарсы резистенттілік жөніндегі ФАО жобасының ұлттық үйлестірушісі Мадина Абдугалимова Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің "Ветеринария" факультетінде микробқа қарсы препараттарға төзімділікке байланысты оқыту нәтижелері бойынша университеттің оқу бағдарламасына бағалау жүргізеді.
Микробқа қарсы төзімділік адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге және қоршаған ортаға қауіп төндіреді.
18 қыркүйекте ФАО мамандары кафедра меңгерушілеріне жоба жайлы баяндап, одан әрі бірлескен жұмыстарды жүргізуі туралы талқылады. Онымен қоса факультеттегі оқу-өндірістік орталықтармен және оқу-ғылыми зертханалармен таныстыру жұмыстары жүргізілді.
19 қыркүйекте студенттер мен оқытушылар құрамына сауалнама жүргізу жоспарлануда. Бұл сауалнаманың мақсаты оқу бағдарламасын бағалау, әлсіз жақтарын анықтау және жақсарту бойынша ұсыныстар беру болып табылады.