Университетіміздің Ветеринария факультеті «Акушерлік, хирургия және өсіп-өну биотехнологиясы» кафедрасының профессорларының ұйымдастыруымен үш түрлі біліктілікті артыру курсы жүргізілді
Университетіміздің Ветеринария факультеті «Акушерлік, хирургия және өсіп-өну биотехнологиясы» кафедрасының профессорларының ұйымдастыруымен үш түрлі біліктілікті артыру курсы жүргізіледі. Осы курстар аясында 2023 жылдың қыркүйек айында «Ветеринарлық акушерлік және гинекология» курсы бойынша Өзбекстан Республикасы, Нүкіс қаласында орналасқан «Самарқанд ветеринариялық медицина, мал шаруашылығы және биотехнология» университеті филиалы, «Зооинженер» кафедрасының оқытушылары Айтжанов Рустембай Тургамбаевич пен Худаяров Рустам Юсупович біліктілігін арттырды. Келген оқытушыларға біліктілікті артыру бағдарламасы бойынша кестеге сәйкес кафедра профессорлары Жоланов М.Н., Усенбеков Е.С., Қойбағаров Қ.У. дәріс оқып, тәжірибелік сабақтар жүргізді.
Сонымен қатар факультет клиникасында ауыл шаруашылық малдарына акушерлік диспансерлеу, қолдан ұрықтандыру әдістерін, электро-эякулятормен шәует алып, алған шәует сапасына балау жасауды үйренді. «Ветеринариялық репродуктология және хирургиялық патология» зертханасындағы заманауи ИФТ, ПТР зерттеулерін жүргізуді меңгерді.