2023 жылдың 30 қазан айынан 3 қараша айы аралығында Қазақ Ұлттық зерттеу университетінің «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасының базасында Атырау облысының ветеринариялық станцияларының басшылары мен мамандарына, «Паразитология және инвазиялық аурулар» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстары өткізілді.

Ветеринария факультетінің биологиялық қауіпсіздік кафедрасының оқытушылары биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Еспанов Ж.У., ветеринария ғылымдарының кандидаттары: Турганбаева Г.Е., Усмангалиева С.С. және ветеринария ғылымдарының магистрі Бредихина Е.К курс тыңдаушыларына жануарлар мен адамдарға ортақ табиғи ошақты ауруларын, ауыл шаруашылығы жануарларының инвазиялық ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алу мәселелері жөнінде қазіргі заманғы ветеринария ғылымының жетістіктеріне сай білім беріп, біліктіліктерін арттырды. Сабақтың әр бөлімінен кейін пікірталастар, пікір алмасулар болды.
Біліктілкті арттыру курсы мамандандырылған кабинеттер мен зертханаларда инновациялық аспаптар және заманауи зертханалық жабдықтар пайдалана отырып жүргізілді.
Курс білім беру стандарттары мен талаптарына сәйкес жүргізілді. Курс соңында тыңдаушылар емтихан тапсырып, қорытындысына сәйкес сертификат алды.