KazNARU

Ветеринария факультетінде «Bauyrsak party» іс-шарасы өткізілді.

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Ветеринария факультетінде, «Акушерлік, хирургия және өсіп-өну биотехнологиясы» кафедрасына қарасты 1-курс 23-07 тобының ұйымдастыруымен, қауымдастырылған профессор М.Е. Алимбекованың жетекшілігімен және кафедра ұжымының қатысуымен «Bauyrsak party» іс-шарасы өткізілді. Топ студенттері Вахитова Анастасия мен Имаш Амина бауырсақтың тарихы туралы ақпарат беріп, топ студенттері факультет ПОҚ мен білім алушыларға бауырсақ ұсынды.

Көшпенді халықтарға тән майға пісірілетін бауырсақ наны бүгінде барынша танымал әрі сүйікті тағамға айнала бастады. Оның атауы «бауыр+сақ» сөздерінің бірігуінен құралған, әр халықтардағы атауы да осыдан алыс емес. Түркі халықтарында бауырсақ атауы түрлі айтылғанымен, сипаты мен түрі бірдей дыбысталады: тоқаш, бауырсақ, боорсақ, борцох, поорзох...

Дәстүр бойынша бауырсақты қазақтар ыдысқа салмай, дастарқанға шашып тастаған. Бұның мәні – ырзықты шектемей, көл-көсір көп болсын деген тілектен туындайды. Дастарқанға бауырсақты шашу арқылы әр күннің, тәуліктің жақсылық пен молшылыққа толы болуын тілеуде жатса керек. Бірнеше шашылған бауырсақ күн-бала ретінде бір біріне бауыр дегенге амалсыз итермелейді. Бірнеше кішкентай жақсылықтарды бауырластыру арқылы ұлы жақсылыққа кенелеміз деген сенім жатыр. Осыдан келіп ежелгі көшпелі тайпалардың атауы да «САҚ», «ГҮН/күн» аталуы тегін емес. Шамасы толыққанды құрылған көшпелі тайпалардың мемлекеті аспандағы Күннің билігіндей билікке ие деген еліктеу жатыр. Жердегі сондай көшпелі империя көктегі Күн билігінің проекциясы деген сөз.

Осылайша күн түстес сары бауырсақ наны Көктегі ғарыштың ілініп тұрған шамшырағы болып табылатын Күнді құдыреттің бір сипаты санаған дәуірдің белгісі. Бүгінде қазақ тілінде уақыттың белгілі бір бөлігін «шақ» сөзімен береді: өткен шақ, осы шақ, бола+шақ, балалық шақ. Сонымен «бауырсақ» сөзіндегі «шақ» сөзі әлдебір перзент ұғымын беріп тұр.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник