KazNARU

8D081 Өсімдік шаруашылығы бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде қорғау өтті

2023 жылғы 19 желтоқсанда сағат 14:30-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D081 Өсімдік шаруашылығы (6D080100 - Агрономия; 6D080900 - Жеміс-көкөніс шаруашылығы мамандықтары; 8D08101 - Агрономия; 8D08103 - Жеміс-көкөніс шаруашылығы білім беру бағдарламалары)  кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде Таджибаев Данияр Гаделжановичтың «ҚAСІБ (Қазақстан-Сібір) желісінің қатты бидай үлгілерін бағалау және шаруашылық - құнды белгілеріне әсер беретін гендерді анықтау» тақырыбындағы «8D08101 – Агрономия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғауы өтті.

8D081 Өсімдік шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінің №10 хаттамасы негізінде Таджибаев Данияр Гаделжановичке философия докторы (PhD) дәрежесін беру қаулы етілді.

Қорғау видеосының сілтемесі: https://www.youtube.com/watch?v=3TufR_NpySE 

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник