KazNARU

19 қаңтарда 8D081-Өсімдік шаруашылығы бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде қорғаулар өтті

2024 жылғы 19 қаңтарда сағат 14:30 және 16:30-да Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D081 Өсімдік шаруашылығы (6D080100 - Агрономия; 6D080900 - Жеміс-көкөніс шаруашылығы мамандықтары; 8D08101 - Агрономия; 8D08103 - Жеміс-көкөніс шаруашылығы білім беру бағдарламалары) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде Дукеева Аида Каликановнаның «Қостанай облысында күнбағыстың өсіру амалдарын зерттеу» тақырыбындағы «8D08100 – Агрономия» білім беру бағдарламасы бойынша және Берекетова Айнұр Мәлікқызының «Батыс Қазақстан облысының әртараптандырылған өсімдік шаруашылығы жүйесінде мақсары егістіктерін қалыптастыру» тақырыбындағы «8D08100 – Агрономия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертацияларын қорғау өтті.

8D081 Өсімдік шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінің №1 хаттамасы негізінде Дукеева Аида Каликановнаға және №2 хаттамасы негізінде Берекетова Айнұр Мәлікқызына философия докторы (PhD) дәрежесін беру қаулы етілді.


---------Chatbot---------
виртуальный помощник