KazNARU

05 сәуірде 8D087 Агроинженерия бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде қорғау өтті

2024 жылғы 05 сәуірде сағат 11:00-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D087 Агроинженерия (6D080600 – Аграрлық техника және технология, 6D081200 – Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету мамандықтары; 8D08701 –  Аграрлық техника және технология, 8D08702 – Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету білім беру бағдарламалары) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде Демесова Сәуле Талғатқызының «Мал шаруашылығы фермаларында үрдістерді жылумен қамтамасыз ету үшін энергия үнемдегіш жылу сорғысын жасау және параметрлерін негіздеу» тақырыбындағы 6D081200 – «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау өтті.

8D087 Агроинженерия кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінің №5 хаттамасы негізінде Демесова Сәуле Талғатқызына философия докторы (PhD) дәрежесін беру қаулы етілді.