25 сәуірде 8D091 Ветеринария кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде қорғаулар өтті
2024 жылғы 25 сәуірде сағат 14:00-де және 16:00-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D091 Ветеринария (6D120100 – Ветеринариялық медицина, 6D120200 – Ветеринариялық санитария мамандықтары; 8D09101 – Ветеринариялық медицина; 8D09102 – Ветеринариялық санитария білім беру бағдарламалары) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде Шеримова Сауле Курмановнаның ««Вермиком» азықтық қоспасын ірі қара рационында пайдалану кезінде сүт және сүт өнімдерін ветеринариялық – санитариялық бағалау» тақырыбындағы 8D09102 - «Ветеринариялық санитария» білім беру бағдарламасы және Усенов Жангелди Тариховичтің «Ақбөкендердің және мүйізді ірі қара малдарының гельминтоздары, ветеринарлық санитарлық шараларды құру» тақырыбындағы 6D120200 - «Ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертацияларын қорғауы өтті.
8D091 Ветеринария кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінің №6, 7 хаттамалары негізінде Шеримова Сауле Курмановнаға және Усенов Жангелди Тариховичке философия докторы (PhD) дәрежесін беру қаулы етілді.