17 мамырда 8D091 Ветеринария кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде қорғаулар өтті
2024 жылғы 17 мамырда сағат 14:00-де және 16:00-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D091 Ветеринария (6D120100 – Ветеринариялық медицина, 6D120200 – Ветеринариялық санитария мамандықтары; 8D09101 – Ветеринариялық медицина; 8D09102 – Ветеринариялық санитария білім беру бағдарламалары) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық Тургумбеков Асет Абдымаратовичтің «Доминантты фолликулдің өсу динамикасын зерттеу және ERα генінің локусы бойынша генотиптеу негізінде сиырлардың репродуктивтік қызметін арттыру» тақырыбындағы және Жылқайдар Арман Жетпісбайұлының «Ауылшаруашылық жануарлары желінсауының иммунопрофилактикасы» тақырыптарындағы 6D120100 – «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертацияларын қорғауы өтті.
8D091 Ветеринария кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінің №8, 9 хаттамалары негізінде Тургумбеков Асет Абдымаратовичке және Жылқайдар Арман Жетпісбайұлына философия докторы (PhD) дәрежесін беру қаулы етілді.