23 мамырда 8D081 Өсімдік шаруашылығы (ТжА;ӨҚжК) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде қорғау өтті
2024 жылғы 23 мамырда сағат 12:00- де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D081 Өсімдік шаруашылығы (ТжА;ӨҚжК) (6D080800 – Топырақтану және агрохимия; 6D081100 – Өсімдік қорғау және карантин мамандықтары; 8D08102 – Топырақтану және агрохимия; 8D08104 – Өсімдік қорғау және карантин білім беру бағдарламалары) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық Солтанбеков Саги Сайрановичтің «Алманың Апорт сортын микроклондау, телітушілер таңдау арқылы жандандыру және оның негізгі ауруларға төзімділігін бағалау» тақырыбындағы 6D081100 – «Өсімдіктерді қорғау және карантин» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясының қорғауы өтті.
8D081 Өсімдік шаруашылығы (ТжА;ӨҚжК) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінің №3 хаттамасы негізінде Солтанбеков Саги Сайрановичқа философия докторы (PhD) дәрежесін беру қаулы етілді.