KazNARU

26 маусымда 8D081 Өсімдік шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде қорғаулар өтті

2024 жылғы 26 маусымда сағат 14:30 және 16:30 -де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D081 Өсімдік шаруашылығы (6D080100 - Агрономия; 6D080900 - Жеміс-көкөніс шаруашылығы мамандықтары; 8D08101 - Агрономия; 8D08103 - Жеміс-көкөніс шаруашылығы білім беру бағдарламалары) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде Токенова Ақерке Мұратқызының «Ұзын қылтықты жуаның (Allium longicuspis L.) оңтүстік – шығыс Қазақстан табиғи популяциясы және интродукциясында морфологиялық мүшелерінің фенотиптік өзгергіштігі» тақырыбындағы 6D080100 – «Агрономия» мамандығы және Зоржанов Берик Докторхановичтың «Қазақстанның оңтүстік-шығысында экологиялық таза бақша өнімдерін өндіру технологиясы» тақырыбындағы 6D080900 – «Жеміс-көкөніс шаруашылығы» бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындаған диссертацияларының қорғаулары өтті.
8D081 Өсімдік шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінің №8, 9 хаттамалары негізінде Токенова Ақерке Мұратқызына және Зоржанов Берик Докторхановичқа философия докторы (PhD) дәрежесін беру қаулы етілді.