30 қазанда 8D091 Ветеринария кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде қорғаулар өтті
2024 жылғы 30 қазанда сағат 14:30-де және 16:30-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D091 Ветеринария (6D120100 – Ветеринариялық медицина, 6D120200 – Ветеринариялық санитария мамандықтары; 8D09101 – Ветеринариялық медицина; 8D09102 – Ветеринариялық санитария білім беру бағдарламалары) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде Габдуллин Досмукан Ермухановичтің «Батыс Қазақстан облысы шаруашылықтары жағдайында сиырлардың эндометритіне мониторинг жасау және емдеудің тиімді хаттамаларын ойлап табу» және Зайнеттинова Динара Болатовнаның «Желінсаумен ауырған сиырларды емдеуге иммуномодулдеуші және микробқа қарсы препаратты қолданудың тиімділігі» тақырыптарындағы 6D120100–«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертацияларын қорғаулар өтті.
8D091 Ветеринария кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінің №17, 18 хаттамалары негізінде Габдуллин Досмукан Ермухановичке және Зайнеттинова Динара Болатовнаға философия докторлары (PhD) дәрежелерін беру қаулы етілді.