«ТОПЫРАҚТЫҢ АЛТЫ ДЮЙМІ» ФИЛЬМІ АЯСЫНДА KazNARU-ДЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ
Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті (ҚазҰАЗУ) Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшілігімен бірлесіп тұрақты даму мәселелеріне арналған «Топырақтың алты дюймі» атты деректі фильмінің ашық көрсетілімін ұйымдастырды.
«Топырақтың алты дюймі»» деректі фильмі – бұл қоршаған ортаны сақтау және тұрақты даму тұрғысында топырақтың жаһандық зерттеуде маңызды екенін ашық көрсетеді. Бейнекартинада топырақтың ауыл шаруашылығы, экожүйелер және адамзаттың жалпы әл-ауқаты үшін негізгі ресурс ретіндегі рөлі нақты көрсетілген. Сондай-ақ климаттың өзгеруі, биологиялық әралуандылық және тұрақты егіншілік әдістері мәселелері де қамтылады.
Фильмнің көрсетілімін Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшілігі ұйымдастырды. Танымдық іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне климат және жасыл экономикаға көшу жөніндегі екінші хатшы Кирри Хендриксен мен климаттың өзгеруі жобалары мен мәселелері жөніндегі үйлестіруші Айнұр Исламғалиева атсалысты.
«Біз осы маңызды іс-шараға қолдау көрсетіп, тұрақты даму мәселелері туралы танымдық ақпарат ұсына алғанымызға өте қуаныштымыз. «Топырақтың алты дюймі» фильмі жер шарының жай-күйін және ондағы маңызды, әрі құнды ресурс топырақ екеніне ой салады», - деп атап өтті Кирри Хендриксен.
«Деректі фильм тек мазмұнды мәлімет ұсынып қана қоймай, әрекетке шабыттандырады. Бүгінгі іс-шара тұрақты даму және жасыл технологиялар саласында салмақты бастамалардың бастауы болады деген үміттемін», - деді өз кезегінде Айнұр Исламғалиева.
«Мұндай мағыналы іс-шараларды ұйымдастыру білім көкжиегін кеңейтіп қана қоймайды, академиялық мекемелер мен халықаралық әріптестер арасындағы байланысты нығайтуға да ықпал етеді. Бұл көрсетілім Ұлыбритания Елшілігімен және басқа да мүдделі тараптармен ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың бастамасы болды деп үміттенеміз», - деп атап өтті университеттің халықаралық қатынастар мен стратегиялық даму проректоры Рафис Абазов.
KazNARU тұрақты даму мен қоршаған ортаны сақтауға бағытталған бастамаларды белсенді қолдайды. Университет экологияға, таза технологияларға, егіншілікке, табиғи ресурстарды қорғауға, кампусты көгалдандыруға және қайта өңдеу үшін пластик жинауға байланысты көптеген жобаларды іске асырып келеді.
Танымдық көрсетілім соңы сұрақ-жауап сессиясына ұласты. Онда шараға қатысушылар тұрақты даму проблемалары туралы көбірек білуге, идеялармен алмасуға және пікір алмасып байланыс орнатуға тырысты.
KazNARU баспасөз қызметі