31 қазанда 8D091 Ветеринария кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде қорғаулар өтті
2024 жылғы 31 қазанда сағат 14:30-де және 16:30-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D091 Ветеринария (6D120100 – Ветеринариялық медицина, 6D120200 – Ветеринариялық санитария мамандықтары; 8D09101 – Ветеринариялық медицина; 8D09102 – Ветеринариялық санитария білім беру бағдарламалары) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде Ищанова Айман Салимжановнаның «Пастереллаларды заманауи зерттеу әдістерімен идентификациялау» және Ертлеуова Балауса Отаргалиевнаның «Artemisia lerchiana негізінде дайындалған препараттың жануарлардың жараларын емдеудегі тиімділігін анықтау» тақырыптарындағы 6D120100–«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертацияларын қорғаулар өтті.
8D091 Ветеринария кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінің №19, 20 хаттамалары негізінде Ищанова Айман Салимжановнаға және Ертлеуова Балауса Отаргалиевнаға философия докторлары (PhD) дәрежелерін беру қаулы етілді.