KazNARU-да НАРЫҚ ЗАМАНЫНА САЙ НАҒЫЗ МАМАН ДАЯРЛАУҒА СЕП БОЛАР МАЗМҰНДЫ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Бизнес және құқық жоғары мектебінде 2024 жылдың 5 қарашасында мазмұнды дәріс оқылды. Нарық заманында нағыз өз ісінің маманын даярлау мақсатын көздеген мұндай маңызды кездесуді Х.Д. Чурин атындағы Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру кафедрасы ұйымдастырып отыр.
Аталмыш кафедраның менеджмент ғылым магистрі, аға оқытушы Елтаева К.Е. «Тұран» университеті «Маркетинг және логистика» жоғары мектебінің PhD, қауымдастырылған профессоры Джумадилдаева Жания Бакитовнаның қатысуымен қонақ дәрісін өткізді.
«Маркетингтік коммуникациялық саясат» тақырыбында дайындалған тағлымды дәріс ГМУ-23-01К, ГМУ-24-01К уск, МК-23-01К, МН-23-01К, МН-24-02К уск, ФН-23-01К, ЭК-23-01К, ЭК-24-01К уск білім беру бағдарламаларының студенттерін қамтыды. Білімгерлер бұл мүмкіндікке белсенді қатысты. Әрі өз саласындағы құнды ақпараттарға қанық болды.
Маркетологтардың кәсіби мерекесіне орайластырылған мән-маңызы жоғары қонақ дәрісі өз деңгейінде өткізілді.