08 қарашада 8D081 Өсімдік шаруашылығы (ТжА;ӨҚжК) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде қорғаулар өтті
2024 жылғы 08 қарашада сағат 11:00 және 14:30 -да Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D081 Өсімдік шаруашылығы (ТжА;ӨҚжК) (6D080800 – Топырақтану және агрохимия; 6D081100 – Өсімдік қорғау және карантин мамандықтары; 8D08102 – Топырақтану және агрохимия; 8D08104 – Өсімдік қорғау және карантин білім беру бағдарламалары) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде Харіпжанова Айдана Ісенбайқызының «Қазақстанда дәнді дақылдардың (бидай, арпа, тритикале) қарапайым тамыр шірігінен (Bipolaris sorokiniana Shoem. қоздырғышы) қорғау шараларын идентификациялау және әзірлеу» және Укибаев Рустам Жуманбекулының «Қазақстанның оңтүстік-шығыс жағдайындағы шалқан пияздың негізгі зиянкестері мен аурулары және олардан қорғау шаралары» тақырыптарындағы философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындаған диссертацияларының қорғаулары өтті.
8D081 Өсімдік шаруашылығы (ТжА;ӨҚжК) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінің №8, 9 хаттамалары негізінде Харіпжанова Айдана Ісенбайқызына және Укибаев Рустам Жуманбекулына философия докторы (PhD) дәрежесін беру қаулы етілді.