14.11.2024 ж. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Бизнес және құқық» жоғары мектебінің «Есеп, аудит және қаржы» кафедрасының меңгерушісі Е.Н. Несіпбековтің және ПОҚ Ж.К. Тәттімбетова, М.Т. Баймолдаева, Ж.Т. Найманова және «Қаржы» БББ 4-курс білім алушыларымен бірлесе отырып ұлттық валюта күніне арналған «Теңгенің пайда болу тарихы: шындықтар мен перспективалар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты: ұлттық валюта-теңгені енгізу тарихы мәселелерін талқылау, студенттердің Қазақстанның ақша және банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы саласындағы білімдерін бекіту, экономикалық ой-өрісін кеңейту.
Дөңгелек үстелге қаржы – банк саласының жетекші мамандары шақырылды:
1.ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің бас сарапшысы - Ғаділбек Әкім.
2. «Банк омбудсманның кеңсесі» жеке мекемесінің банк омбудсманның кеңесшісі - Ибрагимов Руслан Фархатұлы.
3. «Банк Центр Кредит» АҚ тәуекел талдаушысы Болукбаш Сәуле Оразқызы.
Дөңгелек үстел барысында теңгенің енгізілу тарихы туралы бейнефильм көрсетілді, Әкім Ғаділбектің «Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру» тақырыбында, Р.Ф. Ибрагимовтың «Қазақстандағы банк омбудсман институты» тақырыбында, С.О. Болукбаштың «Банктер практикасындағы тәуекел – менеджмент» тақырыбында баяндамалары тыңдалды.
2-3 курс білім алушыларының арасында «Блиц-сауалнама», «Мозайка», «Калейдоскоп», «Эрудит», «Әлем бойынша саяхат» зияткерлік ойындары өткізілді.
Бұл іс-шара қаржылық сауаттылықты арттыруға, білімді тереңдетуге және кәсіби әлеуетті дамытуға ықпал етті.