KazNARU

«Үздік нан өндірісінің жобасы» интелектуалды білім сайысы

«Үздік нан өндірісінің жобасы» интелектуалды білім сайысы желтоқсан айының 6 жұлдызында  ҚазҰАЗУ университетінің 4-курсы ТПРП 21-11К тобы студенттері арасында «Нан пісіру, кондитерлік жане макарон кәсіпорындарын жобалау» пәні бойынша өтті. Үздік нан өндірісінің жобасы интелектуалды сайысының басты мақсаты – нан өндірісіндегі инновациялық шешімдер мен технологияларды енгізу арқылы өнімнің сапасын арттыру, өндірістің тиімділігін жоғарылату және экологиялық таза әдістерді пайдалану. 
Сайыс бірнеше қызықты турлардан тұрды: командалар өз топтарын және өз жобаларын презентация, қызықты видеолар және есепті көрсеткіштер арқылы таныстырды. Меңгерген тақырыптары бойынша сұрақ-жауап кезеңі өткізілді. Маркетинг кезеңі нарықтағы сұраныс пен бәсекеге қабілеттілік, өндірушілердің тиімділігін арттыру жолдарын, өнімді нарыққа дұрыс тараптан ұсыну үшін командалардың жасаған видеороликтеріне және маркетинг стратегиясына бағытталып жасалды. Нан өндірісінің жобасына арналған нан шығару зауытының макеті және презентациясы  өндірістің артықшылықтарын көрсету, нарықта ерекшелену және сату көлемін арттыру мақсатында қолданылатын құрал болып табылатындығын көрсете отырып, әртүрлі критерийлерге сай жасалып ортаға шығарылды. Жасалған макеттер жобаның стратегиялық және нарықтық бағыттарын айқындайды, оны әлеуетті инвесторлар мен тұтынушыларға таныстыру үшін тиімді құрал. Сайыс кезеңдері арасында көрермендер ішілік викториналар жүргізілді, көрерменге белсенділігі және дұрыс жауабы үшін фаворит тобына ұпай сандарын сыйлауға мүмкіндік берілді. 
Соңғы тур, капитандар сайысында әр топ капитанынына көшбасшылық қасиеттерін анықтайтын ерекше қызығушылық тудырып, болашақ жетекшілердің әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін логикалық тапсырма берілді. Студенттер сапа стандарттарын ескере отырып, өз призмаларына қарай үздік нан өндірісінің жобасын ұсынды. Әр команда өз білімдерін, ойлау қабілеттерін және шығармашылық аналитика дағдыларын ерекше көрсетті. 
Нан өндірісінің болашағы тек жаңа технологиялар мен инновациялық шешімдермен ғана емес, сонымен қатар нарықтық талаптар мен тұтынушылардың қажеттіліктеріне жауап бере алатын өнімдермен байланысты. Жоғары сапалы, экологиялық таза және денсаулыққа пайдалы нан өнімдерін өндіру, сондай-ақ тиімді маркетингтік стратегиялар арқылы нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру – бұл әрбір нан өндіруші компанияның негізгі мақсаты болуы тиіс. Осы талаптарды ескере отырып, студенттер технологиялардың дамуы мен тұтынушылардың өзгеріп отырған талаптарына сай жаңа өнімдер ұсыну арқылы нан өндірісін жаңа деңгейге көтеруге болатынын осы интелектуалды сайыс арқылы көрсете білді. 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник