KazNARU

ЖАНУАРЛАРҒА АРНАЛҒАН ӨНІМДЕРДІ ӨНДІРУ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

✅ Бүгін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің "Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі" кафедрасында "Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты" ЖШС, Астық өнімдері және құрама жем технологиясы зертханасының аға ғылыми қызметкері Бектұрсынова Майя Жұмаділқызының қонақ дәрісі өтті.

Табысты адамдар қоғамда әрқашан басқаларға шабыт беру және көмектесу мүмкіндігін іздейді. Өз білімі және тәжірибесімен бөлісе отырып, тәжірибелі мамандар табыс табу мүмкіндіктерін көбейтіп қана қоймай, жетілдіреді, ары қарай дамытады.

✅ Майя Жұмаділқызының айтуы бойыншша, Қазақстанда жануарларға арналған арнайы өнімдер, атап айтқанда, қызметтік иттерге арналған азық өндірісі жақсы дамымағандықтан, нарықтың негізгі бөлігі импорттық өнімге тиесілі.

«Осыған байланысты, жануарларға арналған толық құрғақ жемді өндіру үшін шикізат ресурстарын тиімді пайдаланудың ұтымды технологиясын іздеу және құру өте өзекті болып табылады», - деді спикер.

✅ Жануарларға арналған өнімдерді өндіру – бұл тағам өңдеу өнеркәсібі қызметінің нәтижелі жобаларының жемісі. Ет комбинаттарының, құс фабрикаларының қалдықтарын пайдалану – оларды қосымша табыс көздеріне айналдыруға, сондай-ақ осы кәсіпорындардағы өнім өндіру мен экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік беретіндігін атай кеткен жөн.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник